ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

МҰРАЖАЙ ҚОРЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҒУДА

13:27, 18 мамыр 2020

 

ДК: Бүгін – халықаралық музейлер күні. Көкшетау техникалық институтының қабырғасында осыдан 2 жыл бұрын мұражай ашылған. Онда 500-ге жуық жәдігер сақталған.  

 

РКС: Көкшетау техникалық институттың аға ғылыми қызметкері Сапарғали Асылбеков мұражайдың құрылуына, оның одан әрі дамып, жетілуіне сүбелі үлес қосқан жан. Ол мұражай қабырғасын 1973 жылдан бері интитуттың іргетасын қалаған ардагерлердің фотосуреттерімен толықтыруды жөн көрген.

СНХ: САПАРҒАЛИ АСЫЛБЕКОВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: /қаз/ Екінші жәдігеріміз - 50-ші жылдарға дейін қолданыста болған, 40 жылдары тек сондай насосты пайдаланған. 4 кісінің күшіменен сүйреп алып жүретін, арбамен, атпен алып жүретін насос, соны алып келіп, жөндеуден өткізгеннен кейін, сырлап, әдемілегеннен кейін осы мұражайымызға орналастырылды. Нағыз құнды жәдігер сол болып тұр.

РКС: Мұражайда 70-ші жылдары құтқарушыларды дайындаған уақытта қолданылған өрт сөндіретін мотопомпаларда орналастырылған. Кезінде оқу құралы ретінде пайдаланылған бұл жәдігерлерді Көкшетау техникалық интитутындағы мұражайдан басқа еш жерде кезікпейді.

СНХ: САПАРҒАЛИ АСЫЛБЕКОВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: /қаз/ Енді тағы бір жәдігеріміз + оқу-жаттығу кезінде не болмаса нағыз жұмыс кезінде қолданылатын қазіргідей сымсыз телефондар жоқ, радиотелефон деген, рация деген болған жоқ. Индукциялық телефон дейді. Қолмен бұрап, тоқ беріп, сосын барып  сыммен жалғап, бірнеше жүз метрге дейін сым тартып, сондай ғана байланысқа шығатын телефон болған. Сол телефонның біреуін Төтенше жағдайлар департаментінің қоймасынан табылып, бізге сылыққа беріп оны да осында орналастырып қойдық.

РКС: Сол сияқты, 60-шы жылдары өрт сөндірушілер қолданған каска да мұражай қабырғасынан орын тапқан. Батыр Мәлік Ғабдуллинге арналып бұрыш та ашылған. Мұражай жетекшісі осы батыр бабамыздың есімін Көкшетау техникалық интитутына  беру туралы ұсыныс қарастырылып жатқанын айтуда.

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...