ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

МҰЗ ҮСТІНДЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

19:42, 19 қараша 2020

ДК: Құтқарушылар дабыл қағуда. Ауа температурасы төмендегенімен, өзен-көлдердің беті әлі қатып үлгерген жоқ. Сондықтан, жұқа мұздың үстімен жүру қазір өте қауіпті. Жыл сайын қанша рет ескертілгенімен, талай балықшы мен балалар ажал құшты. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өңірдегі құтқарушылар арнайы оқу-жаттығу шарасын өткізді.

РКС: Арқа өңіріне қыс келді. Күн суыта бастады. Ақмола облысының су айдындарының беті қатты. Бірақ, оның үстімен жүру адам өміріне қауіпті. Өйткені, әлі мұз өте жұқа. Бірақ, тұрғындардың көпшілігі қауіпсіздік шараларына мән беріп жатқан жоқ.  

СНХ: ДӘУЛЕТ ШАМИҒАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///рус///Қазір өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы 10 сантиметрдей ғана. Бір өкініштісі, дәл осы кезеңде біздің ескертулерімізге көбіне балықшылар құлақ аспайды. Соның салдарынан адам шығыны өте көп. Былтыр Қопа көлінде жұқа мұздың үстінде балық аулап отырған адамның өмірін құтқарып қалдық. Құтқарушылар дер кезінде байқап қалып, оны судан алып шыққан. Көлдің жағалауындағы жылыту бекетіне апарып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

РКС: Мұз әлі біркелкі қатып үлгерген жоқ. Мысалы, Зеренді мен Щучье көлдерінің жиектері ғана қатқан. Сондықтан, құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Сақтансаң ғана сақтайтынын ұмытпаған жөн, дедйі мамандар.  

ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар