ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

НАУБАЙХАНАШЫЛАРДЫҢ НАЗЫ...

16:20, 6 қараша 2019


Макинск қаласында 21 жылдан бері «Қаражар» серіктестігінің наубайханасы тұрақты жұмыс істеп келеді. Ас атасы нан пісірушілер сапаға көңіл бөліп, жұртшылық көңілінен шығуда. Тәулік бойы ыстық жерде жұмыс істейтін наубайханашылардың назын тілшіміз біліп қайтты.

 «Қаражар» серіктестігінің диқандары 4 мың гектар алқапқа егілген бидай өнімдерін өздері өңдеп, Бұланды, Бурабай, Біржан сал аудандарының тұтынушыларына дер мезгілінде жеткізеді. Жұртшылық нан және тоқаштың түр-түрін қолжетімді бағаға сатып алады. Десе де, наубайханашылардың жоғарғы жаққа жеткізгісі келген назы бар.

ТҰРЛЫБЕК БОЛАТОВ, «ҚАРАЖАР» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз дайын асқа тік қасық емеспіз. Бидайды өзіміз егіп, өзіміз өсіреміз. Оның қандай қиыншылықпен келетіні белгілі. Менің айтайын дегенім наубайхана жұмысшыларының мардымсыз еңбек ақысы жайлы. Біз өзіміз пісірген бір бөлке наннан екі тиын пайда табамыз. Нан-тоқаш өнімдеріне қосылатын компоненттер де су және электр жарығының құнын санасақ, шығынды санаумен күніміз өтеді. Десе де, мемлекет басшысының нан бағасын қымбаттатпау туралы тапсырмасын орындауға дайынбыз. Тұрмысы төмен отбасыларына мемлекет тарапынан субсидия бөлінсе жақсы болар еді. Еңбекақысы жоғары санаттағы отбасылар күнделікті тұтынатын нан бағасының көтерілгенін онша сезе қоймайды.

Бұланды аудандық әкімшілігі күн сайын нан бағасына мониторинг жасауда. Осы орайда наубайханашылар проблемасын естен шығармаулары қажет.

ТАТЬЯНА МИНОКОВА, ТЕХНОЛОГ

 Наубайханашы мамандығы ерте заманнан мәртебелі болып саналады. Бұл кәсіпті жүрек түкпірімен сезініп, сүйе білу керек. Біздің ұжымда негізінен 15-20 жыл тұрақты еңбек етіп келе жатқан шебер мамандар жұмыс істейді. Өкініштісі олардың жалақысы мардымсыз. Оны өсіру жолдарын мемлекет тарапынан қарастырса нұр үстіне нұр болар еді.

Күніне 4 тоннаға жуық нан және тоқаш өнімдерін пісіретін іргелі наубайхананың құрал-жабдықтары да ескіре бастады. Алайда өз ісін сүйетін наубайханашылар мардымсыз жалақыға қарамай, сапалы еңбек үстінде.

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...