ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

НАУРЫЗ – БЕРЕКЕСІ МОЛ МЕРЕКЕ!

20:13, 20 наурыз 2019

РКС: Теміржол  вокзалы аздаған  минуттың көлемінде ән мен жырдың бесігінде тербелді. Театр  ұжымы  «Қара жорға» билеп, қала тұрғындары  мен қонақтарына  мейрам символын  –  бауырсақ  таратты. 

СНХ: БЕЙБІТ БАҚТЫГЕРЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  /// «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлыларды ұлықтау, біздің Наурыз – жыл басы, ұлы мейрамымыз  болашаққа аманат ретінде, ұлы мейрамды ұлықтау ретінде біздің ұжым міне наурызды тойлауда. Барша халықты келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, ұлыстың ұлы күні оң болсын, ақ мол болсын демекшіміз.

РКС: Флеш-моб әрі қарай театрдың өзінде жалғасты. Өнер ұжымындағы 100 шақты адам әр түрлі ұлт өкілдерінің  ұлттық  киімдерін  киіп,  мереке тойлады. Дастархан  жайып,  қойылымдар ұсынды.

СНХ: ОЛЬГА ЛУЦЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ///  Біздің театр еліміз сияқты көп ұлтты. Бізде қазақ, орыс, украин, татар, неміс, поляктар бар. ең бастысы, ұлтымыздың татулығы. Сондықтан, бүгін бәріміз бас қосып, жылдағы дәстүріміз бойынша наурыз  мейрамын атап өтпекпіз. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық тілеймін. Мейрам құтты болсын!

РКС: Рухани орданың мерекелік шарасына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары   Ғалым   Бекмағамбетов  те  келді.  Ол театр ұжымына жылы лебізін білдіріп, сый-сыяпатын ұсынды. Айта кету керек, орыс драма театры жыл сайын Наурыз мейрамын дәл осылай    ұжыммен  қарсы алады.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар