ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

Наурыз тойы алдында «Бурабай барысы» турнирі өтті

17:34, 17 наурыз 2017

Ұлттық қазақ күресінің соңғы жылдары қанатты қарқынмен дамып келе жатқандығы қуантады.

Ұлттық қазақ күресінің соңғы жылдары қанатты қарқынмен дамып келе жатқандығы қуантады. Осынау игілікті істі Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейдің ұжымы ерекше бір үрдіспен жалғастырды. Олар «Бурабай барысы» турнирін Наурыз мейрамымен байланыстырып, өз білім ошақтарының базасында өткізді.

Өткен 2016-шы жылы пайдалануға берілген осынау білім ошағының ұстаздары мен оқушылары Қазақстан жаңғыруының жарқын жолын нысана етіп алған. Өрендер жаңаша ойлап, салт-дәстүрді саналарына сіңіріп, желкілдеп өсіп келеді. Бұл мектеп Наурыз тойын осыдан 10 күн бұрын бастап, оның әр күнін есте қаларлықтай етіп өткізуде. «Бурабай барысы» турнирі де соның бір нышаны. Осынау байрақты бәсекеге қазақ күресі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, Қазақстан барысының үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев арнайы келді. Мәртебелі меймандарды лицей оқушылары әуелеген әсем ән, күмбірлеген күймен қарсы алды.

 «Бурабай барысы» турниріне өңірдің ең мықты балуандары келіп күш сынасты. Олар жерлес жанкүйерлер алдында барын салып, күресті.

Әр салмақ дәрежесінде белдескен үміткерлер шеберліктерін таныта білді. Алайда, айла-тәсілі шыңдалған, бұла күші бұлқынған балуан жеңіске жетті.

Наурыз мерекесі алдында бозкілемге шыққан бурабайлық балуандар қазақ күресінің мерейін өсіріп, жерлестерінің көңілін марқайтты.   

Қалымбек Мұхамеджанов,  Данияр Жұмағұлов

Тақырып бойынша материалдар

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
19:48, 21 қыркүйек 2017
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ-БИЗНЕС»  ЖОБАСЫ  143  КӘСІПКЕРДІ  ҚОЛДАДЫ
19:39, 15 қыркүйек 2017
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫ 143 КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
19:27, 15 қыркүйек 2017
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...