ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҮМІТКЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ

18:22, 9 қаңтар 2019

РКС:   Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебі осыдан 10 жыл бұрын құрылған. Бүгінде оқу ордасында 1000-ға жуық шәкірт бар. Өткен жылы білім ошағына жетінші сыныпқа түсуге 400-ден астам оқушы ниет білдіріп, оның  80-і оқуға қабылданған. Биыл да дәл осы көрсеткіш қайталанбақ. Тек  бұл жолы конкурстық іріктеудің мазмұны басқа.

СНХ: АЯН АЛТЫНБЕКОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/// Биылғы өзгерістер өткен жылмен салыстырғанда егер өткен жылы біз бірінші күні математика және үш тілде емтихан өткізетін болса, биыл бірінші күні математика және  сандық  сипаттамалар  бойынша тапсырады. Екінші күні 3 тілде тест өткіземіз.

РКС: Жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқитын 6-сынып  оқушылары  қатысатын конкурстық іріктеу биыл наурыз айының 2-сі мен 3-і аралығында өтеді. Оған  қатысу үшін 19 қаңтарға дейін тиісті құжаттарды тапсырып, өтініш білдіру  қажет. Ал  осы мектепте 11 жыл  бойы оқып келе жатқан оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебінің  берер мүмкіндігі  мол  дейді.

СНХ: ҚҰДІРЕТУЛЛА АМАНКЕЛДІ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ/// Назарбаев Зияткерлік мектебі өзіме үлкен мүмкіндіктер берді. Және бұл осы мектепте оқитын барлық оқушыларға да тиісті деп ойлаймын.  Бұл – ең біріншіден үш тілді жетік меңгеру. Алған біліміңізді өмір бойы қолдану. Өмір бойы оқу тәжірибесі деп ойлаймын.

РКС: Ал 12 жыл білім беретін оқу ордасының соңғы жылы оқушыны болашақ мамандығына бейімдеуге арналған. Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебіне 1-сыныпқа қабылдану үшін  өтініштер мамыр айының соңында  берілу  керек.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...