ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАРЫСТАРҒА ҚАТЫСУДА

18:26, 15 қаңтар 2020

Көкшетаудағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі сапалы білім беретін өңірдегі көшбасшы оқу ордасы. Мектеп оқушылары робототехникадан өтетін дүниежүзілік жарыста Қазақстан құрамасы сапында ел намысын лайықты деңгейде қорғап жүр. Ал, жуырда 12-ші сынып оқушылары Рахат Хамитов пен Жаркен Өтегенов Корей елінде өтетін дүниежүзілік «Жас ғалымдар» байқауында өздерінің жобаларын қорғамақ. 

Бұл робототехникадан Венгрияда өтіп жатқан Дүниежүзілік жарыстан түсірілген бейнекадрлар. Мұнда Көкшетаудағы Назарбаев мектебінің оқушылары Софья Кокорина мен Георгий Шиляев Қазақстан Құрамасы сапында елдің намысын қорғауда.

СОФЬЯ КОКОРИНА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Мен үш жыл қатарынан Әлемдік олимпиадаға қатысқан жандардың бірімін. Робототехника өзімен қатты ұнайды. Әлем елдерінен келген балалармен бірге бағымды сынағанымды мақтаныш тұтамын. Олимпиадада заттарды тасымалдайтын робот құрастыру қажет болды. Біз  бұл тапсырманы жақсы орындадық. \\\

Көкшетаулық оқушылар әлемдік деңгейдегі робототехника жарыстарына осымен үшінші жыл қатарынан қатысуда.  Нәтижесіз емес.

ҚУАНЫШ ҚАНАПОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ  МҰҒАЛІМІ, РОБОТОТЕХНИКАДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

2017 жылы дүниежүзілік жарыс Коста-Рика елінде өтті. 81 команданың ішінде біз 29-шы орынға ие болдық. 2018 жылы Тайландта өткен жарысқа 63 мемелкеттен 104 команда қатысты. Біздің топ 9-шы орыннан көрінді, ал былтыр Венгрияда өтті. Біздің балалар 8-ші орынға жайғасты. Мектебімізде балалардың робототехникамен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Оқушыларымыздың қызығушылықтары да зор. //

Көкшетаудағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі былтырғы жылы халықаралық мектептер кеңесі аккредитациясынан сәтті өтті. Бұл білім ордасының барлық стандарттар бойынша әлемдік деңгейдегі ең қатаң критерийлерге сай екенін дәлелдеп отыр. Оқушылардың ғылыми және шығармашылық  бағыттағы жетістіктері де мол. Мәселен, еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептері арасында өткен ғылыми байқаулар жарысында Рахат Хамитов пен Жаркен Өтегеновтың жобалары үздік деп танылды. Енді олар Корей елінде өтетін дүниежүзілік «Жас ғалымдар» байқауында өздерінің жобаларын қорғамақ.

РАХАТ ХАМИТОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 12-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ  

Бұл сауда үйінің макеті. Мұнда 2 камера орнатылған. Ол әрбір комнатадағы адамдардың саны мен орналасуын анықтайды. Осыған қоса ПАЙТН компьютерлік тілі арқылы  «Open sivi»  библиотекасын қолданып, камералар арқылы өртке қарсы жүйені шығардық. Яғни, мен қазір сіреңкені жақындатып, еденде бірден жарық пайда болады. Яғни, шығатын бағыт көрсетіледі///

Рахаттың айтуынша, Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде болған өрт бұл жобаны әзірлеуге түрткі болған. Себебі, кинотеатрда есіктердің жабық болуы салдарынан қаншама адамдар қаза болды. Сондықтан оқушылар әзірлеген жүйе бойынша өрт кезінде қосымша есіктер автоматты түрде ашылады және адамдарға одан шығу үшін арнайы шамдармен бағыт көрсетіледі. Сонымен қатар өрт сөндірушілер арнайы бағдарлама негізінде ғимаратта қанша адам қалғаны жөнінде біле алады.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...