ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ҚҰЙЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 36,4 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН

16:02, 8 қаңтар 2020

 


Көкшетау қаласы тұрғындарының орташа айлық жалақы мөлшері 143 636 теңгені құрайды. Ал облыс орталығының негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 36,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Амангелді Смайылов мәлімдеді. 2019 жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасаған қала басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына ашық жауап берді.

Өткен жылы қаланың өнеркәсіптік секторында 94,5 млрд теңгені құрайтын өнім өндірілген.  Өндіріс саласының физикалық көлемінің индексі 101,5 пайызды құрап отыр.

АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өндіріс саласының физикалық көлемінің индексінің артуына мынадай салалар ықпал етті: «Машинақұрылыс»: физикалық көлемінің индексі – 123,4 пайыз, яғни 27,4 млрд теңге. «Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі»: физикалық көлемінің индексі – 172,7 пайыз, яғни 17,3 млрд теңгені құрайды.

Атап айтсақ, «КАМАЗ-Инжиниринг», «Асыл-Арман», «ЕНКИ», «Ақсай Нан», «Регион строй» кәсіпорындарында өндіріс көлемінің өсуі анық байқалады. Ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемі 5,1 млрд. теңгені құрап отыр. Ал негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 36,4 млрд. теңгені құрайды, демек 2018 жылмен салыстырғанда 2,5 млрд. теңгеге өскен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 186,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Осылайша, өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайы да оңалуда. - деді қала басшысы.

АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жұмыспен қамту қызметтерінің ықпалымен 2 298 азамат еңбекпен қамтылған.. Оның ішінде 1 861-і, яғни 73,2 пайызы тұрақты жұмысқа тұрғызылды. Жалпы өтінім берген азаматтар саны - 3 138, оның 59,3 пайызы жұмысқа орналасты. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қала тұрғындарының орташа айлық көрсеткіші 143 636 теңгеге жетіп отыр, бұрнағы жылы 215 115 теңге болатын.

Алайда, нан бағасы 4 теңгеге, ұн 8 теңгеге, сүт 4 теңгеге, сиыр еті 11 теңгеге, жұмыртқа 29 теңгеге қымбаттаған. Сонымен қатар, кейбір көрсетілетін қызметтердің тарифі қымбаттаған, атап айтсақ суық су 3,82 теңгеге көтерілген. Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан әкімге сұрақтар қойылды.

Амангелді Халауденұлы алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы әрі қарай да дами беретінін айтты.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...