ШҰҒЫЛ! РОДИТЬСЯ, БЫТЬ УСПЕШНЫМ! Толығырақ

НЕМІС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «САПА СУ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨНІМДЕРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

16:40, 14 шілде 2017

Аймақтағы инновациялық зауыттардың бірі «Сапа Су» Германия экономика және энергетика федералдық министрлігінің делегациясын қабылдады.

Аймақтағы инновациялық зауыттардың бірі «Сапа Су» Германия экономика және энергетика федералдық министрлігінің делегациясын қабылдады. Делегацияны парламенттік статс-хатшы Уве Бекмайер басқарып келді. Темірбетон құбырларын  шығарумен айналысатын зауыттың заманауи неміс технологиясын пайдаланатыны меймандардың ерекше қызығушылығын туғызды. Ең алдымен қонақтар күшейтілген жақтауларды шығаратын, одан кейін дайын өнімді алатын цехтардың жұмысымен танысты. Күшейтілген жақтауға металлоформа кигізіледі, ол арнайы құрылғыға орналастырылады, сол жерде үстінен цемент құйылады. Осының барлығына 5-10 минут уақыт қажет. Нәтижесінде, ішкі диаметрі 500-2000 миллиметрді құрайтын дайын өнім алынады. Бұл процесс басынан аяғына дейін автоматтандырылған, барлық жұмысты бірнеше оператор ғана атқарады.

Өндірістік процестен бөлек, қонақтарды дайын өнімді жүзеге асыру жағы да қызықтырды. Зауыт директорының айтуынша, темірбетон құбырларына деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Атап айтар болсақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысында елордаға 60 киллометр құбыр жіберілген. Қазіргі таңда Оңтүстік-Қазақстан облысы, Алматы қаласынан да үлкен тапсырыстар түсіп жатыр.  

 «Сапа Су» зауыты 2013 жылы үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде құрылған болатын. Компанияның негізгі ұстанымы – өнімнің сапалылығы.

Әйгерім Бекмағамбетова, Қайрат Әбенов 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
18:01, 22 маусым 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...
АЙШЫҚТЫ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ, АЙБЫНДЫ ЖЫРДЫҢ МЕРГЕНІ!
20:10, 20 маусым 2018
АЙШЫҚТЫ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ, АЙБЫНДЫ ЖЫРДЫҢ МЕРГЕНІ!
Толығырақ...