ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

НЕСИЕЛЕРДІ ӨТЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

20:20, 29 маусым 2020

 

ДК: Елде қалыптасқан тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірдің көптеген кәсіпорындары қашықтан жұмыс істеуге көшті. Осыған орай несиелерді кейінге шегеру мәселесі өзекті болуда. Аталған мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі комитетінің қаулысы 15-ші маусымға дейін өз күшіне ие еді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне одан әрі не істеу керек? Толығырақ келесі бейнебаянда. ГЕО: Көкшетау Тақырыбы: НЕСИЕЛЕРДІ ӨТЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ РКС: Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, кәсіпорындардың барлығы бірдей қалыпты кестеге көшкен жоқ. Шағын және орта бизнес өкілдері қарызға белшесінен батпас үшін тығырықтан шығудың жолын іздеуде. Ақмола облысының өзінде ғана 527 кәсіпкер екінші деңгейлі банктерге несиелерін кейінге шегеруге өтініш жасаған. Ал, кейінге шегерудің орташа мерзімі 2 айдан 3 айға дейін ғана. Бүгінде 338 бизнес өкілінің өтінішін банктер мақұлдаған. СНХ: АҚЫЛБЕК СМАҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:/// аударма///Учитывая, что данный срок был регламентирован у нас до 1 июля.... Бұл мерзім 1-ші шілдеге дейін ғана жарамды еді. 15-ші маусымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа бұйрық шығарды. Онда шағын және орта бизнес субьектілері жеке тәртіп бойынша несиелерін кейінге шегере алатындары жайлы қосымша бұйрық енгізілген. Яғни, олар кез келген екінші деңгейлі банктерге барып, құжаттарын тапсыра алады. Банк өз кезегінде субьектінің эпидемия уақытындағы экономикалық көрсеткіштерін қарайды. Тиісінше, несие алушыға қатысты шешім шығарады. РКС: Бір сөзбен айтқанда, несиесін кейінге шегергісі келетін кәіспкерлер нақты шешім алу үшін банкке барулары қажет. Ақылбек Смағұловтың айтуынша, кейбір екінші деңгейлі банктер несиеге қатысты жүктемені көбейтпес үшін кейінге шегерілген айларды қарыздың жалпы мерзіміне қосып есептеуде. Жинағы жоқтар үшін бұл қауіпсіздік шара болып табылады. СНХ: САМАЛ ЖҮСІПОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: /// РУСС/// У меня был небольшой кредит в банке.....Банкте шағын несием бар. Менің бизнесімнің кірісі клиенттердің келуіне тікелей байланысты. Бүгінде жұмысты тоқтатуға тура келді. Несиені қыркүйек айына дейін кейін шегеруге мүмкіндік берілуде. Бұл қуантады. Кіріс-шығыстарымды дұрыс есептеуге уақытым бар. РКС: Несиелерді жабудың оңтайлы кестесі кәсіпкерлер үшін бизнесті, жұмыс орындары мен жалақыларды сақтауға мүмкіндік бермек. Бұл ретте, өңірде 44 833 шағын және орта бизнес субьектісі бар екенін атап өту қажет. Ал, олар үшін несиелерді кейінге шегеру мерзімі осы жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін ұзартылды. АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...