ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

«НҰР ОТАН». ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20:01, 10 қазан 2018

РКС: Жиында алдымен Егіндікөл ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері баяндалды. 2018-ші жылдың 1-ші қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, өнеркәсіптік өнім көлемі 488,2 миллион теңгені құрады. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 728 миллион теңгеге жетті. Қазіргі күні облыста орақ науқына қыру жүріп жатыр. Биыл Егіндікөл ауданында 323 мың гектар жерге дән себілген.

СНХ: ЕРЛАН ИСАБЕКОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Биыл егістік алқаптарының 86 пайызы химиялық өңдеуден өтті. Биыл егін өнімділігі әр гектардан 11 центнерден болып отыр. Алдағы жоспарымыз гектарынан 12 центрнерден өнім алу. Бүгінгі күні аудан бойынша 340 мың тонна өнім бастырылды.

РКС: Жиында Егіндікөл ауданының әкімі де әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін тоқталып өтті. Биыл ауданда 3121 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сонымен қатар, 500-ге жуық жаңа орындары ашылған. Ал, шағын және орта бизнес иелерінің саны 1800-дейін жеткен. Десек те, ауданда өнім өндіру, өңдеу бағыттарындағы көрсеткіштер төмендеп кеткен.

СНХ: ВИКТОР РАДЧЕНКО, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ //Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі аудан бойынша 7 миллиард теңгені құрады. Бұл облыс бойынша ең төменгі көрсеткіш. Осы бағыт бойынша 19-шы орында тұрмыз. Бұл негізінен тау-кен өндірісінің төмендеуіне және кәсіпорынның банкрот болуына байланысты көмір өндірісінің төмендеуіне байланысты. Қазіргі уақытта біз қосымша кәсіпорындар тартып, өндірісті жаңартуға көштік.

РКС: Мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру барысы да жиынның негізгі тақырыптарының бірі болды. Осы орайда, Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Бүгінгі күні мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтің 48 түрін көрсетеді. Ал, қазір олардың 28-і автоматтандырылып, «Электронды Үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік кірістер департаменті 630 мыңға мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 576 мыңы электронды түрде көрсетілген.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ  ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...
АҚАН СЕРІ  ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
19:47, 7 желтоқсан 2018
АҚАН СЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
Толығырақ...