ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ Толығырақ

«НҰР ОТАН». ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

18:19, 7 желтоқсан 2017

Өткенге сәл көз жүгіртер болсақ, осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда партиялық 13 жоба іске қосылған болатын. Осы жұмыстардың бірі  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының араласуымен қолға алынған – «Бақытты отбасы-бақытты бала» бағдарламасының шеңберінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 256 балаға арнап, құны 2,5 миллион теңге тұратын білім беру депозиттері ашылған. «Мектепке жол» акциясы арқылы биыл 2 мыңнан аса балаға материалдық көмек көрсетілді. Оның құны – 40 миллион теңгені құрайды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 10 есеге артық.

Бүгінгі отырыс барысында түрлі бағыттағы партиялық комиссия жетекшілерінің есептері тыңдалды. Айта кету керек, «Аграрлық сектор» бойынша сүт өнімдерін Астана нарығына шығару үшін кәсіпкерлер Палатасының жанынан сүт өңдеу Ассоцияциясының ашылуы ілкімді бастама. Жиын барысында агроөнеркәсіптік саланың өзге де өзекті мәселелері талқыланды.

Отандық бизнес пен экспорттық жеткізілімдерді дамыту, «Қазақстанда жасалған» акциясының өңірдегі жүзеге асуына бақылау жүргізу- партияның облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша қоғамдық кеңесіне жүктелген. Аталған қоғамдық кеңестің жетекшісі Нартай Ысқақовтың айтуынша, ағымдағы жылы облыста «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша берілген несиелер бойынша сыйақыландырудың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қаржы болмаған.

Саяси кеңес бюросының отырысында бастапқы партиялық ұйымдардың жұмыстары туралы есептер де берілді. Мәжілістің соңында «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалдарының бірінші орынбасарлары мен сектор меңгерушілері марапатталды.  

Ә.Қаматайқызы. Ә.Әбуталипова 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
22:42, 17 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19:05, 17 тамыз 2018
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар