ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛЕДІ Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖЕР». КӨКШЕТАУДА 11 ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ

19:39, 29 шілде 2020

ДК: Тұрғын үй нарығын реттеу және азаматтарды баспанамен қамтуды тиімді жүзеге асыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта биылдан бастап бірқатар механизмдер оңтайландырылып, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына біріктірілді. Ақмола облысының құрылыс компаниялары мен жергілікті билік өкілдері бұл өзгерістер тұрғын үй құрылысы нарығын кеңейтуге жаңаша мүмкіндік береді, - деп отыр.

РКС: Құрылыс қарқыны жыл санап артып келеді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы 295 пәтер иесі қоныс тойын тойласа, 2019 жылы 610 пәтер құрылысы қолға алынған. Билығы жылы құрылыс көлемі 26 мың шаршы метрді құрап отыр. Биыл көпқабатты 11 тұрғын үй бой көтереді деп жоспарланған.

СНХ: СНХ: ЕРБОЛ ТӨЛЕУОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// 00/49 Оның шінде бесеуі панельді үй құрылысы. Бұл жобалар отандық құрылыс тауарын өндіруші «ДСК» кәсіпорнын қолдауға бағытталған. Қазіргі таңда панельді құрылыс технологиясымен «Медицина қызметкерлері үйінің» құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылы 26 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 3 млрд. 600 млн. теңге.

РКС: Жаңа пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына және әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне ұсынылады. Үй құрылысы «Көктем», «Сарыарқа» шағын аудандарын қамтыған. Қазіргі таңда барлық үйлер бойынша мердігерлер анықталған. 10 тұрғын үй 4-ші тоқсанда пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар, Көкшетау әкімдігі келер жылға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде.

СНХ: ЕРБОЛ ТӨЛЕУОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// «Нұрлы жер» бағдарламасы 20121 жылы да жалғасын табады. Келер жылы 15 үй құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасалуда. Оның 3-еуі сараптамадан өтті. Өзге жобалардың мақұлданғанын күтудеміз. Жобалар толық жасақталған соң бюджеттік өтінім беріп, үй құрылысын қолға аламыз.  

РКС: Биыл республика аумағында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 трлн. 179 млрд. теңге қаржы бағытталады. 2020-2025 жылдар аралығында құрылыс нарығында 60 мың жаңа жұмыс орны ашылып, республикадағы тұрғын үй қорының көлемі жан басына шаққанда 26 шаршы метрге жетуі тиіс.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ. ЖАХАНГИР МҰХАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
20:12, 11 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
АУРУХАНАЛАРҒА  ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
20:12, 11 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...