ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"НҰРЛЫ ЖЕР". КӨПҚАБАТТЫ 10 ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

16:19, 19 мамыр 2017

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Ақмола облысы бойынша көпқабатты 10 тұрғын үй салынады. Оның 8-і Көкшетау қаласында, қалған екеуі Аршалы және Жақсы аудандарында бой көтермек.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Ақмола облысы бойынша көпқабатты 10 тұрғын үй салынады. Оның 8-і Көкшетау қаласында, қалған екеуі Аршалы және Жақсы аудандарында бой көтермек.  Бүгінде  жобаларды жүзеге асыру мақсатында облысқа  ұлттық қордан 1,5 млрд теңге бөлінген.  Аталмыш үйлер, әлеуметтік аз қамтылған топқа,  яғни  жетімдер ,  көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады.  Бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар  туралы толығырақ Раушан Сайлауқызы тарқатады. 

Алты баласы бар Әсемгүл Сайлыбаева  жалғызбасты ана. Баспанасы жоқ болғандықтан, балғындарын сүйреп әркімнің үйін жалдап жүр. 2007 жылдан бері үй кезегінде тұрғанымен, одан нәтиже жоқ.  Тапқан- таянғаны шайлығынан аспайды.  Көп балалы нәзік жандының бар арманы - баспаналы болу.

Әсемгүл Тимурқызы секілді баспанасыз бас сауғалап жүргендер үшін жағымды жаңалық. Биылдан бастап, Ақмола облысы бойынша 10 үйдің құрылысы басталады. Пәтерлер  тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы түрде берілмек. Оның сегізі әрқайсысы 40 пәтерден тұратын  тұрғын-үй, Көкшетау қаласында, сондай-ақ  Аршалы ауданында 45 пәтерлі үй, Жақсы ауданында 18 пәтерлі үй бой көтереді.  Пәтерлерді үлестіру жұмыстарын құрылыс аяқталған соң, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы реттейтін болады.

Жалпы, "Нұрлы жер" бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды. Оның алғашқысы ипотекалық жаңа баспана тұрғызу бойынша облыста 5 жоба жоспарланып отыр. Екінші  сатып алу құқығынсыз әлеуметтіке аз қамтылған топты баспанамен қамтамасыз ету бойынша 10 жоба жүзеге Асады. Сондай-ақ,   жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым тартуға 345 млн теңге бөлінген.

Раушан Сайлауқызы, Бауыржан Смағұлов, Павел Соловьев 

Тақырып бойынша материалдар

Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
20:29, 25 маусым 2018
Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...