ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ Толығырақ

НҰРЛЫ ЖОЛ: 687 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

19:37, 13 тамыз 2020

ДК: Биыл Ақмола облысы бойынша жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Тек республикалық маңызы бар жолдардың 124 шақырымы жөнделуде. Оған 27,4 миллиард теңге бөлінген. Ал, 40,1 миллиард теңгеге облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу қарастырылған.

 

РКС: «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы өңір жолдарына жан кіргізіп, жол құрылысына жаңаша серпін берді. Экономиканың күре тамыры саналатын жолдарды жөндеуге бөлінген қаражат та биыл қомақты. Ондағы басты мақсат Нұр-Сұлтан қаласынан басқа өңірлерге бағытталған жолдардың сапасын арттыру. Бұл бағытта Ақмола облысы бойынша қыруар жұмыстар атқырылды. Мәселен, Елордадан  Қарағанды, Павлодар, Петропавл бағытындағы жолдар жөнделді. Ол  жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Облыстық және жергілікті маңыздағы 687 шақырымның 60 проценті бүгінде жөндеуден өтті.

 

СНХ: АСҚАР МҰРАТҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  ///ҚАЗ.

 

РКС: Биыл Еленовка-Чистополье-Есіл, Балкашино-Шантөбе, Атбасар-Қима, Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсая сияқты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа 7,8 миллиард теңге қарастырылған. Жолдарды жөндеу жұмыстары «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында да қолға алынған. 2,2 миллиард теңгеге 40 шақырымнан астам ауыл ішілік жолдар жөнделді. «Аймақтарды дамыту»  бағдарламасы аясында да көше-жол жолдарына 404 миллион теңге қарастырылған. Сөйтіп, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл өңір жолдарының қанағаттанарлық деңгейі  73 процентке жетпек. 2025 жылға дейін 95 процентке жеткізу көзделген.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
19:34, 21 қыркүйек 2020
ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар