ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛЕДІ Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 687 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

19:39, 29 шілде 2020

ДК: Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңызы бар 687 шақырым жол жөнделмек. Оған 40,1 миллиард теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сондықтан, салынып жатқан жолдардың сапасына да көп көңіл бөлінуде,-дейді мамандар. Ал, республикалық маңызы бар 107 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

РКС: «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аграрлы Ақмола өңірінің жолдарына жан кіргізіп, жол құрылысына жаңаша серпін беріп отыр. Экономиканың күре тамыры саналатын жолдарды жөндеуге бөлінген қаражат та биыл қомақты.  Графика: 40,1 миллиард теңге қарастырылған. Оның 14,2 миллиарды ресрубликалық, 10,2 миллиарды облыстық бюджеттен бөлінсе, Үкімет резервінен 3,5 миллиард және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 12,2 миллиард теңге бөлінген.

Графика: «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы:

Облыстық және аудандық жолдарды жөндеуге  - 40,1 млрд. теңге

Республикалық бюджеттен - 14,2 млрд.теңге

Облыстық бюджеттен - 10,2 млрд.теңге

Үкімет резервінен – 3,5 млрд.теңге

Жұмыспен қамтудың жол картасы – 12,2 млрд.теңге

СНХ: ӘДІЛЕТ ӘНУАРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ   ///қазақша: Жұмыстар аясында аса бір маңыздысы, Новый Колутон-Ақкөл,-Азат-Минск болып табылады. Ол жолға 1,5 миллиард қаражат бөлінген. Бұл сомаға 50-ден астам шақырым жол жөнделеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Балқашин-Шаңтөбені аяқтау жоспарланып отыр. Бұзық-Алматинский жол бар жөндейтін, Екатеринбург-Алматы-Констатиновка жолы бар жөнделетін. ///  есть на рус.яз.

РКС: Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Соның нәтижесінде қазірде 687 шақырымның жартысына жуығы жөнделді. Қалған 50 процентін жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл ретте жолдардың сапасына да үлкен мән берілуде.

СНХ: ӘДІЛЕТ ӘНУАРБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ   ///қазақша: біздің тарапымыздан өте мұқият көңіл бөлінеді жұмыстың сапасына. Бізден басқа техникалық және авторлық қадағалау бар, жолдағы атқарылған материалдардың сапасын тексеретін лаборатория бар.///

РКС: Биыл сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 107 шақырымдық жолды орташа жөндеуден өткізуде.

СНХ: НҰРБЕК ТЕМІРХАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма: В рамках среднего ремонта в этом году... Биыл орташа жөндеуден өткізіліп жатқан республикалық маңыздағы жолдардың қазірде 66 шақырымы толығымен аяқталды. Осы аптада оны пайдалануға береміз деп отырмыз. 7 нысанның қалған 5-уі бойынша жұмыстар қыркүйекте аяқталады. Жөндеу жұмыстары кестеден озып келеді. Сондықтан, нысандардың алғашқы легі мерзімінен 3 ай бұрын пайдалануға берілуде. ///

РКС: Көкшетаудан Щучинск бағытындағы 6 жарым шақырымды құрайтын шыға беріс жолына жөндеу жұмыстары былтыр басталған болатын. 3-ші деңгейлі жол қазір 4 жолақты бірінші «б» санатына өту үшін күрделі жөндеуден өткізілуде. Жұмыстарды қыркүйектің басында аяқтау жоспарланған. Жалпы, облыс аумағындағы жергілікті маңыздағы 5626 шақырым жолдың бүгінде 22 проценті қанағаттанарлықсыз жағдайда, яғни жөндеуді қажет етеді,-дейді мамандар.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
20:12, 11 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
АУРУХАНАЛАРҒА  ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
20:12, 11 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...