ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА Толығырақ

ОБЛЫС БОЙЫНША 58 МЕКТЕП АВТОБУСЫ ЖАҢАРТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

15:08, 13 ақпан 2020

Елдімекендерінде білім ошағы жоқ 6,5 мың ақмолалық оқушы мектепке автобуспен қатынап оқиды. Бұл ретте балалардың қауіпсіздігі маңызды. Мәселен, бүгінде облыс бойынша балалар тасымалдайтын 170 автобустың 50-уі жаңартуды қажет етеді. Яғни, қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы сын көтермейді. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы халық қалаулылары көшбасшы партияның депутаттық фракциясының осы жолғы отырысын мектеп оқушыларын тасымалдау мен оның қауіпсіздігі мәселесіне арнады. Әріптесім Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалы.

Заң бойынша елді-мекендерде мектеп болмаған жағдайда оқушыларды таяудағы білім ордасына жеткізуді ұйымдастыру толығымен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Десе де, аудандық бюджеттен бұл мақсатқа қаржы бөліне бермейтін көрінеді. Мәселен, бүгінде бала тасымалын жүзеге асыратын облыстағы 170 шағын автобустың 50-уі жаңартуды қажет етеді. Сондықтан көшбасшы партияның депутаттық фракциясының отырысында халық қалаулылары мектеп автобустарын жаңарту үшін қолдау ретінде облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарады.

ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бекітілген нормаларға сәйкес автокөлік құралдарының жыл сайын 15 пайызы тозады. Сондықтан, 7 жыл сайын олар жаңартылып отыруы тиіс. Бұл нормадан шығып, автобустарды жаңартып отыру үшін әрине қаражат қажет. Ал, бұл аудандық әкімдіктердің құзіретінде. 

РКС: Соңғы үш жылда балаларды тасымалдайтын автобус паркіндегі 46 автокөлік жаңартылған. Оның 20-сы облыстық бюджеттің көмегімен алынды. Бұл мақсатқа 285 миллион теңге бөлінді. Биыл да өңір басшысы балалар қауіпсіздігі үшін автобусты жаңарту бастамасын барынша қолдап отыр,-дейді жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бюджеттік тапсырыс 58 автобусқа әзірленуде. Себебі, өткен 2019 жылы сұраныс толық қанағаттандырылмады. Меніңше, осы тапсырысты толық қолдау керек. Себебі, балалардың қауіпсіздігі қашан да маңызды. 

РКС: Жыл сайын орташа есеппен 20-25 мектеп автобусы жаңартуды қажет етеді. Өткен 2019 жылы 9 автобус сатып алынған, бұл аз. Сондықтан, биылғы қажеттілік 58 бірлікті құрап отыр. Ал, автобус паркін жаңарту жоспарына сәйкес биыл 432 миллион теңгеге 30 автобус сатып алу көзделген. Қалған 28-іне облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін мәслихат депутаттары толық қолдап, өңір басшысы мақұлдаса, биыл балалар тасымалдайтын автобус паркі біршама жаңартылмақ.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
20:33, 21 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
20:27, 21 ақпан 2020
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРГЕ  ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
15:04, 19 ақпан 2020
ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
Толығырақ...
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫП АЛЫНДЫ
16:18, 18 ақпан 2020
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫ...
Толығырақ...