ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ

19:42, 22 ақпан 2019

РКС: Пленарлық отырыста білім басқармасының жетекшісі Талғат Жүнісов өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Жыл қорытындысы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтамасыз етілуі 99 пайызды құраған. Мұндай көрсеткішке қол жеткізудің басты себебі, 2018 жылдың өзінде жаңадан 20-ға жуық мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылған. Айта кету керек, өткен жылы мектептердің де саны толыққан.  Облыс бойынша барлығы 2300 орынға шақталған 4 жаңа мектеп салынып, Щучинск, Қоянды ауылдарындағы 3 ауысымда оқу мәселесі біршама шешілген. 

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///Ағымдағы жылы Целиноград ауданында екі мектептің және Бурабай ауданында бір мектептің құрылысы басталды. Бұл аудандарда оқыту 3 ауысымда өтеді. Бұдан бөлек, биыл Бұланды ауданындағы Алтынды ауылындағы аптты жағдайда тұрған мектепті жауып тастадық. Оқыту үдерісіне келер болсақ, 2018-2019 оқу жылында 3-сыныптарға информатика пәнін, 5,7-сыныптарға өлкетану пәнін енгіздік.

РКС: 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптар жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Ағымдағы оқу жылында 4,9,10 сыныптарды жаңартылған білім беру мазмұнына көшіру жоспарланып отыр. Осы орайда, жаңа оқыту бағдарламасы аясында педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстары бүгінгі таңда жүйелі түрде жүргізіліп келеді.   

СНХ: ШОЛПАН КАРИНОВА, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» АҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/// 2016 жылдан бері енгізіліп келе жатқан жаңартылған білім мазмұны бойынша педагог кадрларды дайындау жұмыстары жаңартылған бағдарлама бойынша, критериалды бағалау жүйесі бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдерді оқыту жүйесімен айналысуда. Биылғы жылдың өзінде 40 мыңға жуық мұғалім біздің орталықтан оқытылатын болады. 

РКС: Бүгінде облыс мектептерінде 120 мыңға жуық оқушы білім алады. Оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау негізгі міндеттердің бірі. Осы орайда, оқу кабинеттерін заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және мектептерге бейнебақылау орнату мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Өткен жылы облыс мектептерінде 1000-ға жуық жаңа модификациялық кабинеттер ашылған. Бүгінде 9 оқушыға 1 компьютерден келіп отыр. Басқарма басшысының айтуынша, бұл көрсеткішті әлі де арттыру қажет. Ал 500-ден астам мектептің 300-ге жуығы бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.    

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...