ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ 4,3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕСІ НАҚТЫЛАНДЫ

18:54, 10 қазан 2018

РКС: Облыстық бюджеттің 1,4 миллиард теңгесі әлеуметтік сала, тұрғын үй құрылысы, сумен қамту және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен қайта жөндеуіне байланысты инвестициялық жобаларды  қаржыландыруға жұмсалмақ. Сонымен қатар автомобиль жолдарының сапасын  жақсарту мақсатындағы жол жөндеу жұмыстарына 168,2 миллион теңге қарастырылып отыр.

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ    /// тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына 373,8 миллион теңге жоспарланып отыр. ауылшаруашылығы саласына қайта бөлу есебінен 3,5 миллиард теңге қарастырылуда, оның 2 миллиард теңгесі тыңайтқыштар құнын субсидиялауға, ал 1,5 миллиард теңге мал шаруашылығына жұмсалады. Ветеринария саласында вакцинациялауға 64,5 миллион теңге бағытталмақ. Ішкі істер департаментіне әкімшілік үрдісті автоманттандыруға 30 миллион теңге қарастырылып отыр.

РКС: Бюджет қаржысының өңірдің әлеуметтік маңызы зор міндеттерін шешуге бағытталғанын нақтылауға арналған ұсыныстарды депутаттар бірауыздан мақұлдады. Десе де, кейбір мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

СНХ: ӘЛІБЕК БАЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ    /// бюджет қоржынынан қаржыландырылған жобалардың толық аяқталуын қадағалауымыз керек. Мәселен, Көкшетау қаласында аулаларды жөндеуге бөлінетін қаржы 146 миллион теңгеге азайтылды. Қаржы бөлгенде, алдына қойған мақсаттардың орындалуын бюджет бағдарламаларының әкімшісі қадағалауы керек. ///

РКС: Халық қалаулылары бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолға алған жобаларды соңына дейін аяқталуын қатаң бақылауда ұстауы қажеттігін алға тартты. Өңір басшысы болса, депутаттардың да сол мәселені өз қадағалауына алып, жобаны қабылдауға жұртшылықты тарту қажеттігін айтты.

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ // бюджеттік жобаларға қаржы бөлінеді, бірақ олар берілген қаржыны игермейді. Оны көпшілікке қалай түсіндіреміз. Әрине, орындаушылар тиісті жазасын алады. алайда, бұл бағыттағы жұмысты қайта қарастыру қажет. Яғни, бақылауды күшейту керек. жұмысты қабылдауға, оның сапасына, мерзіміне, тіпті жұмсалған қаржысына дейін бақылауда ұстау үшін жұртшылықты тарту керек./

РКС: Депутаттар жер қойнауын пайдалануға қатысты да өз өтініштерін жеткізді. Яғни, олардың төлейтін салықтарының пайдасын жергілікті халықтың көргені дұрыс деген пікірлерін жеткізді.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ  ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...
АҚАН СЕРІ  ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
19:47, 7 желтоқсан 2018
АҚАН СЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖАУҺАРЫ!
Толығырақ...