ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16:56, 13 қаңтар 2020

 


Өткен жылдың қорытындысына сәйкес Ақмола өңірі әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан республика бойынша ортаңғы қатарда көрініп отыр. Аймақтағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 103,3 пайызды құраған. Алайда, бұл көрсеткіштер өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың көңілінен шыға қоймаған тәрізді. Облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінің кезекті отырысында жауапты тұлғаларға тиісті бағыттар бойынша қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақты жұмыс жасауды шегелеп тапсырды.   

Бүгін өңір басшысының қабағы қатулы. Қарамағындағы шенеуніктердің атқарған жұмыстарына өзінің қорытындысын жасап келген тәрізді, әрқайсысына айтар уәжі дайын.  Өткен жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берген облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың мәліметінше, аймақтағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 103,3 пайызды құраған. Ал облыстық бюджетке құйылған инвестиция 114 пайыз, құрылыс жұмыстарының көлімі 121 пайыз. Алайда, бұл көрсеткіштердің төмен екендігін айтқан аймақ басшысы алдағы уақытта нәтижеге бағыттала жұмыс істеуді тапсырды.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жыл қорытындысына сәйкес барлық міндеттерді жүзеге асырдық. Тек тұрғындардың санағы бойынша 9,6 пайызға төмен көрсеткішке ие болып отырмыз. Және бюджеттің шығыс бөлігінде тиісті қаржыны игеру мәселесі бойынша проблема бар. Көкшетау қаласы бұл бағытта 1 миллиардтан астам қаржыны игере алмаған. Үлкен кемшілік.

Ақмола өңірі бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан республика бойынша ортаңғы қатардан көрініп отыр. Алайда, орынбасарларының «құрғақ есебі» аймақ басшысының көңілін көншітпеді.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 Бір ғана «Қарапайым заттар экономикасы» саласына қаншама назар аударылып отырғанын көріп отырсыздар. Бұл бағытта Премьер-министр Үкімет отырысында ай сайын жиналыс өткізуде. Сондықтан, Қанат Мұратұлы, Марат Несіпқалиұлы, аудан басшыларымен байланыс орнатып, жобалардың жүйелі жүзеге асырылуын қадағалаңыздар!

Жаңа жылдан бастап 5 мың отбасыға жаңа тәртіппен атаулы әлеуметтік көмек берілмек, өткен жылмен салыстырғанда көмек берілетін отбасы саны екі есеге кеміген. «Қарапайым тұрғындарды айтпағанда, кейбір аудан басшылықтарының өзі аталмыш көмектің жаңаша форматын әлі түсінбей дал. Осы себепті жауапты мекеме мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет» деді облыс әкімі. Сонымен қатар, аймақтағы жылыту маусымының шаралары бойынша орынбасары Асқар Мұратұлын тыңдады.

АСҚАР МҰРАТҰЛЫ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екі айға қажетті көмір қоры тек Сандықтау ауданында жеткіліксіз. Ол жақта қордың 70 пайызы ғана қалған, тағы қосымша жеткізбекші. Жарқайыңға екі айлық көмір қоры әкелінді. Мазутқа келер болсақ, 2 жарым млрд теңге жұмсалып, 20,9 тоннасы алынды. 14 жарым тоннасы жағылып, 6,4 тонна қор қалды.

Бүгінде өңір тұрғындары жылуға 790 млн теңге қарыз, оның ішінде кәсіпорындар да бар. Аймақ басшысы жаңа жылдан бастап, әр кәсіпорын жылу мәселесін өз қаражатынан шешуі қажет екендігін шегелеп тапсырды. Сонымен қатар, Ермек Боранбайұлы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шарықтап кеткен азық-түлік бағасын ретке келтіруді жүктеді. Бұдан бөлек, аппарат кеңесінде газ, су құбырларын тарту, құрылыс нысандарын аяқтау, туризм саласын дамыту мәселелері де талқыланды.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ШОҚАН ТАУҚИЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...