ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

19:42, 6 мамыр 2020

 

ДК: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңір ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Облыс басшысы майдангерлер Асылбек Дәулетов пен Василий Горбоносты, тыл ардагері  Шәрия Махметовалардың шаңырағына арнайы барып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.  

РКС: Асылбек Жәзиұлы Екінші Дүниежүзілік соғысқа он сегіздегі бозбала болып аттанған еді. Бұл майданда оның әкесі мен екі ағасы да оқ құшқан. Украинаны, Шығыс Пруссияны, Автрияны азат еткен. Соғыстан кейінгі жылдары Асылбек ақсақал Арықбалық, Володар, Ленинград аудандарында партия хатшылығы қызметтерін атқарады. Жұбайы Орынбасар әжемен бірге ел мен жердің көркеюіне тер төкті. Ардагер Тәуелсіз қазақ елінің ертеңіне үлкен үмітпен қарайды. 

СНХ: АСЫЛБЕК ДӘУЛЕТОВ, МАЙДАНГЕР///Ескіні сыйлау керек, жаңа заманды құрметтеп қарсы алу керек. Біздің айтатынымыз сол. Жастар қазір сауатты, бұрынғыдай емес, бақытты ғұмыр кешуде. Олар біздер көрген қиындықты көрмесін. Көруге тиісті емес. Міне, соғыстан кейін 75 жыл құмыр сүріп отырмыз. Ал, соғыс уақытында қандай қиыншылықтар көрдік?!

РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жеделхатын тапсырды.

Интершум. Әкім хатты оқиды

РКС: Майдангер Василий Кондратович биыл 97 жаста. Ардагер ел Президенті мен облыс басшылығының құттықтауына алғыс білдірді. Ермек Маржықпаев қарияға денсаулық тілеп, ел үшін төккен тер, қылған ерлігіне алғыс білдірді.  

Интершум. Әкімнің құттықтауы (орысша)

РКС: Тыл ардагері Шәрия Махметова бүгінде алты перзентінен, 12 немере, 22 шөбере сүйіп отыр. Жасынан ауыр еңбекке араласып, ел үшін тер төккен кейуана бүгінде бақуатты күн кешуде. Облыс әкімі тыл ардагерін Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен  құттықтап, өңір тұрғындары атынан алғыс білдірді.   

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН. АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...