ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

16:58, 13 қаңтар 2020


Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шағалалы өзенінен өтетін көпірдің құрылысымен, Еленовка орта мектебіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты және «ELIKTI PARK» тау-шаңғы орталығында болып, қысқы туризмнің даму барысына  көз салды.

Зеренді ауданына сапарға шықпас бұрын өңір басшысы Ермек Маржықпаев облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа қорымен танысты. Биыл аталмыш музей өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Музей жыл сайын жаңа жәдігерлермен толығып отырады, бүгінде олардың саны 83 мыңнан асып отыр. Жәдігерлер арқылы тарихтан сыр шертетін мекеме қызметкерлерінің айтуынша, тек қана реэкспозициядан кейінгі 4 күн ішінде, яғни қаңтардың 6-ы мен 10-ы аралығында музейге 350-ден астам адам келген.

ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейі реэкспозициядан кейін өз есігін 6-шы қаңтар күні айқара ашты. Музейдегі экспозицияларымыз Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатымен жаңартылды. Ұлы даланың жеті қыры біздің экспозицияларымыз арқылы көрініс табуда, оның қатарында жылқыны қолға үйрету, түрік өркениеті бар. Мұнда өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Ақмола өңірінен табыла бастаған жәдігерлер қойылған.

Зеренді ауданына жасаған сапары барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев  алдымен Заречное және Березняковка ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Олар Шағалалы өзенінен өтетін көпірдің 27 жыл бойы жөнделмегенін алға тартты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған көпір бүгінде апатты жағдайда. Жаңа көпірдің құрылысы жөніндегі жоба Зеренді әкімдігімен 2018 жылы әзірленген болатын. Жоба құны 368 миллион теңге. Жаңа көпір Көкшетау мен Зерендіде еңбек ететін жергілікті тұрғындардың жұмысқа тез жетуіне септігін тигізеді, сондай-ақ, Қостанай тас жолын Зерендімен байланыстырады.

Облыс әкімі Еленовка орта мектебіне жүргізілген жөндеу жұмыстарымен  танысып, педагогикалық ұжыммен кездесті. 2019 жылы мектепті жөндеу жұмыстарына 153,9 млн.теңге бөлінген болатын. Қазірде мұнда жаңа модификациядағы 4 сынып ашылып отыр. Десе де, ауданда 50 пайызы қажетті оқушылар санына да жетпейтін шағын кешенді мектептердің болуы әлі де түйткілді мәселелердің қатарында. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев бұл мәселені интернаттар ашып, шалғайдағы балаларды негізгі мектепке жеткізу арқылы шешуге болады,-дейді.

Сапар барысында өңір басшысы «ELIKTI PARK» тау-шаңғы базасында  болып, қысқы туризмнің дамуымен танысты. Орталық жетекшісінің айтуынша, мұнда сондай-ақ, жазда да демалу үшін жағдай жасалған. Бүгінде мұнда тек қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ, көрші Ресей елінен те туристер келеді. Тіпті, Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істейтін шетел ұстаздары да мұнда демалғанды ұнататын көрінеді. Шаңғы базасына келушілер әсіресе, биіктігі 500 метр болатын көлбеу жайпақ еңістен, яғни тау бөктерінен сырғанағанды жақсы көреді. Мұнда келіп демалушылар саны жыл сайын 4-5 мыңға артып отырады. Мәселен, биылдың өзінде 25 мыңнан аса адам демалған. Туристер ағыны әсіресе орталыққа баратын жолға жөндеу жүргізілгеннен кейін артып отыр. Алдағы уақытта демалыс орталығының басшысы арнайы жылыту құрылғысы бар бассейн орнатпақшы.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ОКСАНА МАТАСОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...