ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ «FORTEBANK» ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІН АШТЫ

22:41, 19 мамыр 2017

Ақмола облысында «Форте банк» филиалының жаңа кеңсесі ашылды. Өңір тұрғындары енді заманауи ғимаратта банк қызметін пайдалана алады.

Ақмола облысында «Форте банк» филиалының жаңа кеңсесі ашылды. Өңір тұрғындары енді заманауи ғимаратта банк қызметін пайдалана алады. Жаңа офистің ашылу салтанатына облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен банктің басқарма төрағасы Мағжан Әуезов қатысты. Сондай-ақ, шара аясында қос тарап өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі күні Ақмола облысында 1800-ге жуық компания мен 30 мыңға жуық жеке тұлға «Форте банктің» клиенттері болып табылады. Олар қаржы институтының қызметін бірнеше бағыт бойынша белсенді түрде қолданып келеді. Бүгінде облыс аумағындағы банктің үш бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Олардың екеуі Көкшетау қаласында, тағы біреуі Бурабай ауданында. Жаңа ғимарат заманауи банктік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келеді. Бастысы, жеке және заңды тұлғаларға ыңғайлы болуына мән берілген. Бұл - банк стратегиясының басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда мекеме Ақмола облысындағы шағын және орта кәсіп субъектілері мен туризм саласын несилендіруді белсенді түрде қолға алған. Мәселен, банк филиалы бүгінге дейін өңірдің туризм саласындағы жобаларға 6,6 млрд. теңгеге дейін қаржы бөлген.Салтанатты шара аясында Ақмола облысының әкімі мен банктің басқарма төрағасы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Енді екі тарап кәсіпкерлік пен туризм саласын дамытуда бірлесе қызмет атқармақ. Айта кетерлігі, жаңа форматтағы мұндай кеңселер осыған дейін Алматы, Астана, Шымкент қалаларында ашылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...