ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕН – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА

Осындай әлеуметтік-экономикалық маңызға ие бірнеше нысанды аралаған облыс әкімі сапар соңында Зеренді ауданының активімен жиын өткізді.

15:58, 16 сәуір 2017   255

Бурабайдан соң әкім Зерендіге ат басын тіреді. Бұл аудандағы «Айдабол»  аталатын спирт зауыты. Кәсіпорынның іргесі 1908- ші жылы қаланған. Зеренді ауданының экономикасына зор үлес қосып отырған өндіріс ошағы Айдабол ауылының әлеуметтік жағдайын да қамтамасыз етіп келеді. Зауыт басшылығы жергілікті мектепке жәрдемдесіп, қыс мезгілінде ауылдың жолын қардан тазартып отырады.

Ал, бұл «Жігер» аталатын Зерендідегі балалар мен жасөспірімдердің клубы. Мұнда 300 ден аса оқушы спортпен шғылданады. Осынау нысанға бас сұққан облыс әкімі Мәлік Мырзалин «ойын секторының жарығын жақсартып, жаттығу залына жаңа қондырғылар алу керек» - деді.  

Бұдан соң әкім Зерендінің мәдениет үйіне барды. Мұнда  ауданның орталық кітапханасы мен тілдерді оқыту орталығы орналасқан. Осыдан 15 жыл бұрын мәдени ошаққа күрделі жөндеу жұмысы  жүргізілген.  Бірақ, бүгінде өңі кетіп қалыпты. Тағы да бір жөндеу қажет. Облыс әкімі аудан басшылығына ең алдымен спорт залын жаңартуды міндеттеді.

Мәдениеттен білім беруге ойыссақ. Ауданға арнайы жұмыс сапарымен барған облыстың әкімі Мәлік Ғабдуллин атындағы Зеренді орта мектебінде де болды. 1973 жылы пайдалануға берілген қарашаңырақ  осы кезге дейін тек бір-ақ рет күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі таңда мектептің оқу корпусын жаңартып, жаңадан спорт зал салу үшін облыстық қазынадан қаражат бөлінген. Осы орайда ата-аналар комитетінің төрағасы, еңбек ардагері Мұхит Қабдешев Мәлік Мырзалинге өзге де бір маңызды мәселені жеткізді. Айталық Зеренді ауданына қарасты  Кеңөткел ауылында әйгілі Ақан серінің Балқадишасы жерленген. Бұл әнді білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә! Міне осынау бірегей туындыны Парижде өткен Экспо көрмесінде атақты Әміре Қашаубаев орындап, халықаралық шарада  жүлделі болғаны және белгілі. Осындай мәліметті аймақ басшысына жеткізген Мұхит Қабдешев Астанада өтетін Экспо көрмесінде Балқадишаның атындағы киіз үйді тіксек деген ұсынысын жеткізді. Бұл өтінішті Мәлік Кеңесбайұлы бірден қолдады.

Енді өзгесі. Өткен жылдың жазында Зерендіде күніне 250 адамды қабылдауға шақталған аудандық жаңа емхана салынған еді.  Медициналық қондырғылардың дер кезінде әкелінбеуінен нысан уақытылы пайдалануға берілмеген. Қазіргі кезде қажетті құралдар жеткізіліп, енді мамандар оқытылып жатыр.

Осындай әлеуметтік-экономикалық маңызға ие бірнеше нысанды аралаған облыс әкімі сапар соңында Зеренді ауданының активімен жиын өткізді. Жалпы бұл өлкенің экономикалық өсімі көңіл көншітерлік. Еліміздің экономикасын еселеуде «Алтынтаудың » үлесі басым. Бұл кәсіпорын да осы Зерендінің аумағында орналасқан. Бірақ, «бәрі бес» деп тағы марқаюға болмайды. Кей бағыттар бойынша кемшін түскен тұстар да жоқ емес.

 «Зерендіде құрылыс қарқынды емес. Бұл да ауданның дамуына солқылдақ әсерін тиігізеді» - деді облыс әкім.

Зеренді ауданында  шығын және орта бизнесті ширату керек. Әсіресе, туризм саласындағы сервис қызметін жақсартып, негізгі азық-түлік бағасын қалыпқа келтіру ләзім. Себебі мұндағы өнім құны облыстың орташа азық бағасынан асып кеткен. 

Қорғанбек Қонысбайұлы, Сәден Әлмұсаев

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75