ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

15:55, 6 ақпан 2020

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Степногорск қаласына барып, шаһар басшысының халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты. Сонымен қатар, аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

РКС: Өткен жылдың қорытындысы бойынша Степногорск қаласының экономикасына 27 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған, нақты көлем индексі 112 пайыздан асқан.  Бұдан бөлек, 165 миллиард сомаға өнеркәсіп өнімі өндірілді.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН БАЯХМЕТОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ//(аударма)//863_7687// 2:13// Индустрияландыру картасы мен Ақмола облысының кәсіпкерлікті қолдау картасының жобаларына сәйкес, есепті кезеңде 67 млрд теңгенің өнімі өндірілді.  «Biotron group» серіктестігі топырақтың құнарлылығын арттыру үшін кешенді биотыңайтқышты өндіруге қатысты инвестициялық жобаны іске асыруды бастады. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы «Астана Ойл» Мұнай үйі» серіктестігі 900 млн теңгеден астам сомаға шағын мұнай өңдеу зауытын қайта құру үшін инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде, шығарылатын қысқы дизель отынының сапасын жақсартып, өнім түрін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өткен жылы Степногорск аймағының ауылдарында 5 бордақылау алаңы, шағын құс фабрикасы, қоян шаруашылығы фермасы ашылды. 13 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы қалада тұрғын үй құрылысы жұмыстары басталды. Яғни, екі 45 пәтерлі тұрғын үй мен тағы екі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сондай-ақ, Заводской, Ақсу кенттері мен Қарабұлақ ауылын дамыту және салу схемалары жүргізілді. Есеп беру кездесуінің соңында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев бірқатар тапсырмалар берді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//(аударма)// 863_7737//01:33// Сыртқы инвестицияларды тартуға қатысты жұмысты күшейту қажет. Бізде де осындай көрсеткіш бар. Өкінішке қарай, сіздердің қалаларыңызда бұл жағы ақсап тұр. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында өкінішке қарай, өткен жылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 4 пайызға төмендегені байқалды. Бұл да жақсы көрсеткіш емес. Осыған байланысты тиісті құрылымдармен бірге жұмыс істеу керек.

Бұдан соң, облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу аясында қала тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында айтылған мәселелердің бірі 300-ге жуық бала қатысатын би залын жөндеуге қатысты болды. Аймақ басшысы Ермек Боранбайұлы нысанның жағдайымен танысып, 19 миллион теңге көлемінде қажетті қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Жұмыс сапары аясында Ермек Маржықпаев салынып жатқан тұрғын үйді де қарап шықты. Аталмыш нысанды мердігерлер өткен жылдың желтоқсан айында тапсыруға уәде бергеніне қарамастан, құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған. Сапар барысында құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, орын алған кемшіліктерді түзету тапсырылды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//(аударма)// 863_7758// 00:04 // Сіздердің кесірлеріңізден, облыс бойынша көрсеткіштер төмен болып отыр. Екіншіден, адамдар күтіп жүр ғой. Олардың арасында көпбалалы отбасылар мен өзге де санаттағы азаматтар бар.

РКС: Келесі нысан Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтегі  облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі болды. Ағымдағы жылы білім ошағы  өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Кешеннің спорт залын кеңейтіп, жөндеуге шамамен 20 млн теңге бөлінеді. Облыс әкімі бұл интернаттың – спорт кадрларының ұстаханасы екенін атап өтті. Себебі, дәл осы жерде 65 спорт шебері, үш еңбек сіңірген және 16 халықаралық дәрежедегі спортшылар дайындалған. Мерейтой аясында білім ордасына 16 млн.теңгеге сертификат табысталды. Сапар соңында өңір басшысы Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасына барды. Бүгінде оның жөндеу жұмыстарына да қаражат қажет болып отыр.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//(аударма)//863_7804//00:40// Жобалық-сметалық құжаттама дайын болған кезде ақша бөлеміз. Осы жылы құжаттаманы жасайтын боламыз. Егер сіздер қыркүйек айына дейін жасай алатын болсаңыздар, онда біз сол айда жөндеу жұмыстарын бастауға ақша бөлеміз. Ал, егер осы жылы сараптамамен үлгермесеңіздер, онда біз келер жылы бекітілген бюджетке сәйкес, қаржыландыратын боламыз.

РКС: Ал, Степногорск қаласының медициналық мекемелеріне 140 млн. теңгеге қажетті жабдықтар сатып алынды. Өткен жылдың шілде айынан бастап қалалық аурухана базасында созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға арналған амбулаториялық диализ орталығы жұмысын бастады. Емдеу шаралары кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалады.

АЙЖАН АҚТАЕВА, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...