ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

18:22, 16 тамыз 2019

ДК: Қазіргі кезде көзге көрінбей қоғамға бірте-бірте еніп, ішінен бүлдіріп жатқан аурудың бірі - ол жас буынның есірткінің құрбаны болуы. Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс көлемінде тәртіп сақшылары есірткімен айналысқан 69 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 425 кг әр түрлі есірткі заттары тәркіленген.Бұл туралы  облыстық полиция департменті бастығының орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті. 

РКС: Әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – есірткі саудасы.Бұл біздің еліміз үшін де ерекше түйткіл. Тіпті, соңғы уақытта Қазақстанда ғаламтор арқылы ашық түрде есірткі саудалайтындар жайында жиі сөз болып жүр. Салдары ауыр болатын мұндай саудаға қалай тосқауыл қоюға болады? Бұл – еліміз үшін күн тәртібіндегі негізгі сауалдардың бірі. Сондықтан есірткі саудасымен күресудің сан түрлі жолы ұсынылуда.Оған байланысты аймақта  түрлі рейдтерде ұйымдастырылуда.Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап наркологиялық орталықтың есебінде 531 адам тұр. Оның ішінде 384-і иньекциялық есірткі қабылдайтындар.

СНХ: БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Заңсыз айналымнан барлығы 425 кг әр түрлі есірткі есіртікі заттары тәркіленді.Оның ішінде героин 117 гр,марихуана 2 кг нан аса,гашиш 25 кг,экстрациялық опий 72 грамм,каннабис тектес өсімдік 393 кг.Сонымен қатар,полиция департаменті 69 қылмыстық есірткі құқықбұзушылығын анықтады.

РКС: Шаһарда арнайы операция өткізу барысында облыс аумағына аса ірі көлемде гашиш есірткісін жеткізіп,сатумен айналысқан Нұрсұлтан қаласының және Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды.Нәтижесінде 25 кг-нан аса гашиш тәркіленген. Сөйтіп,10 жыл бас бостандығынан айырылды.Сондықтан талайдың санасын улаған безбүйректер азаяр деген үміт мол. Ал осының түпкі тамырын анықтап, жою құзырлы органдармен бірге, әр адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...