ШҰҒЫЛ! ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА

19:45, 20 ақпан 2020

Грэпплинг күресінен өтетін ел чемпионатында өңір намысын 10 спортшы қорғайды.  Тартысты бәсеке биыл наурыз айының басында Қостанай қаласында өтеді. Облыстық құрама дайындық жұмыстарын пысықтап, жарысқа сақадай-сай екендіктерін айтады. Республикалық сайыста өңір намысын қорғайтын палуандардың дайындығын әріптесім  Абзал Азаматұлы көріп қайтты.

Облыстық турнирде бағы жанған спортшылардың бірі – Арыстанбек Гизатов. Ол ел чемпионатында  58 келі салмақ дәресінде облыс намысын қорғайды.

АРЫСТАНБЕК ГИЗАТОВ, ГРЭПЛИНГТЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІПАЗЫ

Мен спорттың осы түрімен екі жарым жыл айналысып келемін. Өзіме  ұнағасын, қызықасын келдім.  Қазақстан  чемпионатына алғаш қатысуым. Дайындық жақсы. Бапкерлердің берген ақылын, әдістерін сәтті қолданам деген ойдамын.

Грэпплинг күресінде қарсыласты ұруға болмайды. Бұл - басты шарт. Дегенмен,  дзюдо, самбо күресінің әдістерін қолдануға болады. Бұл Қазақстан чемпионатында облыс мерейін асқақататын  мықтылардың күнделікті дайындығы. Жарыс күні жақындаған сайын, спортшыларда дайындықтарын үдетіп, бар күштерін салуда.

ЕРЖАН ҚАСЕНОВ, ГРЭППЛИНГТЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ/

Біз алдымен облыстық жарыс ұйымдастырып, арнайы өңір құрамасын іріктеп шығардық. Қазіргі таңда қызу дайындық жүріп жатыр.Биыл ел чемпионаты 11 салмақ дәрежесінде өтеді. Біз 10 салмақта спортшы апарамыз. 100 келіден жоғары ауыр салмақта бізде грэпплингші жоқ. Ал, қалған жігіттерге артар үмітіміз көп.

Бозкілемде белдесетін палуандардың мақсаты бір. Ол жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан чемпионы атану. Айтулы спорт додасында жерлес құраманың асығы алшысынан түсіп, облыс мерейін биіктетеріне сенім мол.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН,  КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...