ШҰҒЫЛ! КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА 2 МРТ ҚОНДЫРҒЫСЫ ӘКЕЛІНДІ

19:49, 15 қыркүйек 2020

ДИКТОР:  Облыс орталығына құны жарты миллиард теңгеден асатын 2 магнитті-резонанстық томография қондырғысы жеткізілді. Аймақ тұрғындары ұзақ күткен медициналық қондырғылар қыркүйек айының соңында іске қосылмақ. Бұл туралы өңірдің бас дәрігері Сүлен Ілиясов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол аймақтағы эпидахуал жайында да айтып өтті. 

РКС: Облыстық көпбейінді аурухананың томография қондырғысының істен шыққанына 2 жылға жуық уақыт болды. Қалада МРТ аппараты тек жекеменшік клиникаларда ақылы түрде қызмет көрсететін. Енді су жаңа екі магниттік-резонанстық томография жеткізілді. Әр аппараттың құны 570 миллион теңге. Осы айдың соңында халық игілігіне пайдалануға беріледі.  ті.   

СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Қондырғыларды жергілікті бюджет есебінен алдық. Бірі – облыстық көпбейінді ауруханаға орнатылса, екіншісі жаңа салынған онкологиялық емханаға беріледі. Бүгінде қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде.  

РКС: Сонымен қатар, алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында нөмірі бірінші қалалық емханаға тағы бір магниттік-резонанстық томография қондырғысы алынбақ. Осылайша, аймақ тұрғындарын емдеуді 100 процент қамти аламыз дейді – бас дәрігер. Сүлен Ілиясов аймақтағы эпидахуалға жайында мәлімет берді. Оның айтуынша, қазір жағдай тұрақты. Стационарда 84 адам ем қабылдауда. Өкінішке орай, індеттің ілмегіне ілінген 15 медицина маманы көз жұмған. Оның екеуінің туыстарына өтемақы төленген.

СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///122 медициналық қызметкерге 2 миллион теңге көлемінде төлемақы берілді. Індеттің симптомсыз белгісімен ауырған тағы 224 маман үстемақы алуға кезегін күтуде.

РКС: Індеттің екінші толқынының алдын алу үшін 166 миллион теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Ол қазір арнайы қоймада сақтаулы тұр. Осылайша, дәрінің 4 айлық қоры жасақталған.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
18:25, 22 қазан 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА
18:25, 22 қазан 2020
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...