ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

18:37, 12 маусым 2019

РКС: Облыс орталығындағы құлшылық орындарының бірі Жақия қажы мешітінің  қолданысқа берілгеніне бір ғасырдан астам уақыт өткен.  Ағаштан тұрғызылған мешіттің бүгінде сыны кетсе де, сыры сақтаулы қалпында. Сол себепті аталмыш мешіт мұражай ретінде қалатын болады. Ал, мешіт жанынан бой көтеріп жатқан нысанның бас демеушісі - жергілікті кәсіпкер Ерлік Өмірғали.  Шариғат бойынша мешіт салудың сауабы мынадай.

СНХ: СЕРІК ХАЛИКОВ, ЖАҚИЯ ҚАЖЫ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ //// Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) кімде- кім жер бетінде мешіт салатын болса, Аллаһ тағала жәннатта оған бір үй тұрғызады деген. Бұл істің сауабын сезінген әрбір адам осы іске құлшына ұмтылады.01:21 Қала тұрғындары үшін бұл өте қажетті болған мәселе. Осы мешітті тұрғызып жатқан Ерік ағамыздың және қызметкерлерінің жұмысына Алла тағала берекетін берсін.  

РКС: Заманауи талаптарға сай салынып жатқан нысанда намаз оқитын залдардан бөлек, құрылыстың астыңғы қабатында асхана, және жоғары қабатында кеңселермен қатар  дәрісханалар орналасатын болады. Қазіргі таңда мердігер «Алуа строй» кəсіпорнының басқаруымен құрылыстың қаңқасын тұрғызу жұмыстары жүргізіліп  жатыр.  Барлық шығын кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен жүргізілетін болады.

СНХ: НҰРЛАН ҚАЙЫРБЕКОВ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ /// Қазіргі таңда құрылыстың бірінші кезеңі кірпіш қалауды бастап кеттік. Ал, негізгі жұмыстар жақын арада басталады. Нысанды келесі жылдың мамыр айында қолданысқа беретін боламыз. Барлық керек-жарақтарды біздің кәсіпорын қамтамасыз етіп отыр.

РКС: Айта кетейік, биыл облыс көлемінде жергілікті кәсіпкерлердің мұрындық болуымен бірнеше мешіт құрылысы жүргізілуде. Ал, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бұл нысан келер жылдың мамыр айында жамағатқа қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар