ШҰҒЫЛ! АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ ЖЕТТІ Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

19:08, 19 қазан 2020

ДИКТОР: Ауыл шаруашылығы  тауарын  өндірушілер жәрмеңке кезінде жалпы құны  68 млн теңге болатын табиғи өнім ұсынды.  Ақмолалық шаруалар 100 тоннадан  артық тағам түрлерін  әкелген. Жәрмеңке өткен сенбі күні  облыс орталығында ұйымдастырылды.

РКС: Жәрмеңкеге 8 аудан мен Көкшетаудың  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 90  шаруасы  мен  14 аграрлық кәсіпорны қатысты. Олар азық-түліктің 30 түрін ұсынды. Бұл күні 25 тонна ет, 8 тоннадай сүт өнімдері мен 60 тонна картоп және көкөніс сатылды.  Белгіленген бағадағы тауарды «Көкше» кәсіпкерлік корпорациясы да саудаға салды.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///  Каз: 1:17 Бұл  егін  науқаны аяқталғаннан кейінгі екінші жәрмеңке. Егер карантин талаптары кедергі келтірмесе, тағы бірнеше рет өткізбекшіміз. Мақсатымыз – тұрғындарды  қысқа  дайындау.

РКС:  Бұл күні таңмен таласып, кезекке тұрғандардың қатары көп болды. Өйткені  мұнда тауар бағасы төмендетіліп, талғамға сай көптеген өнім түрі жеткізілген.  

СНХ: ЖОРЖ ЛАРДЫГИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///рус/// Ет, сүт өнімдерін сатып алудамын. Міне, Атбасар, Сандықтау аудандарының сүті де, майы да жақсы екен. Өйткені ол жердің шөбі шүйгін. Тағамдарды арзан бағада ұсынған жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.

СНХ: САЙРАН ӘЛІМОВА , КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///рус /// Мен жәрмеңкеге екінші рет келіп тұрмын. Мұнда таңдау жақсы. Ет те, бәрі де бар. Мен үйдің айранын, сүт өнімдерін сатып алдым. Бағасы жақсы,  қолжетімді.

РКС:Ал шаруалар өз еңбегімен жиған өнімдерін  еш делдалсыз  өздерінің  сатқандарына қуанышты.

СНХ: БАЛҒАБАЙ ӘБЕНОВ, КӘСІПКЕР /Каз/: 00:37 Ет өнімдерін, сүт өнімдерін әкелдік. Ірі қара бар, жылқы еті бар, қой. Және сүт өнімдері, оның ішінде ірімшік, май және тағы басқа тағамдар. + 2:17 Сұраныс көп. Қазір енді көбісі базардан ала бермейді. Базардан алса да кейбір малдары сенімсіздеу, тұрып қалған еті болады, сондықтан осындай свежий, жаңадан сойылған, ауылдың келген өнімдерге сұраныс көп. 

СНХ: АЙБОЛАТ АЯТХАН, КӘСІПКЕР /Каз/: 00:13 Егіндікөл ауданынан келгенбіз. Ет өнімін, сүт өнімін әкелдік. Жұмыртқа бар, тауық өнімі деген сияқты. +Жиі келіп тұрамыз, өткенде Астанада болдық, енді міне Көкшетауға келіп тұрмыз. Өзіміздің ауылдың өнімі.

РКС: Жұрт қарасы қалың болған жәрмеңкеде санитарлық талаптар да ескерусіз қалмады. Облыстық тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және ұлттық экспертиза орталығының өңірдегі филиалы қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын тексерді. Волонтерлар келушілерге тегін маска таратты.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  АСЛАН АБУТАЛИБОВ,  ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19:  ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:11, 3 желтоқсан 2020
COVID-19: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
14:10, 30 қараша 2020
БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
Толығырақ...
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
15:37, 30 қараша 2020
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбын...
Толығырақ...