ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

17:05, 11 қыркүйек 2019

Ақмола  облысының  прокуроры   Тимур  Тәшімбаев  Нұр  Отан  партиясының қоғамдық  қабылдау алаңында тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Оларды мазалаған мәселенің көбі қылмыстық істі зерттеуге  байланысты  олқылықтар  мен жер дауына қатысты болды.

Облыс прокурорының қабылдауына 5 адам жазылған. Тізімнің көш басында тұрған Красный Яр кентінің тұрғыны Мұрат Әлиев. Оның жақындары өткен жылдың 27 маусымында жол көлік апатынан қаза тапқан. Тергеу ісі жарты жылға созылыпты. Артынша Зеренді аудандық соты үкім шығарған. Кейін ол облыстық соттың шешімімен күшін жойып, бірінші инстанциялы сотқа жіберілген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс әлі де қаралуда.

МҰРАТ ӘЛИЕВ, КРАСНЫЙ ЯР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен мұнда осы мәселем бойынша әрі қарай қандай әрекет жасалатындығын білу үшін келдім. Істің созылғанына 1 жыл, 4 ай болды. Процесс өтті. Алайда облыстық сот ол шешімді алып тастады. Енді жаңа процесс басталды. Жаңа сот жаңа сараптама жасауды тапсырды. Салдарынан іс созылып кетті. Соңғы нүктені қоятын кез әлі жоқ.

Тимур  Тәшімбаев істі өз бақылауына алып, тергеу ісін жылдамдатуға уәде етті.

- Сараптама жасау белгіленді. Біз өз тарапымыздан істің неге ұзаққа созылғандығын анықтаймыз. Әрі оны жылдамдатуға тырысамыз. Мен барлығын өз бақылауыма аламын. Үкімнің шығуын өзім қадағалаймын.

Ал Шағалалы кентінің тұрғыны Бағдат Дүйсеновтың  ірі қара малдары ұрының қолына түскен.  Зеренді аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері  іске салғырт қарап, дер кезінде шара қолданбаған.  Ауданда мұндай оқиғалар  екі жылдан бері орын алып келеді.

БАҒДАТ  ДҮЙСЕНОВ,  ШАҒАЛАЛЫ  КЕНТІНІҢ  ТҰРҒЫНЫ 

Мен 2017 жылы ауылды қолдауға арналған бағдарлама бойынша несие алдым. Күзде ірі қара малдарымды ұрлап кетті. Аудандық ішкі істер бөліміне жүгіндім. Олар келіп, қағаз толтырудан басқа ештеңе істеген жоқ. Сөйтіп, облысқа шықтым, өйткені басқа барар жерім жоқ. Қазір тоқсан сайын 300мың теңге несиені төлеп отырмын. Үй кепілдікте тұр. Мал жоқ. Құқық қорғау органдары дер кезінде қимылдаса, ұрыларды табуға болар еді.

Облыс прокуроры істі қайта қозғап, мұқият зерттеу жүргізуді тапсырды.Прокурор области поручил поднять дела и провести тщательную проверку. 

ТИМУР ТӘШІМБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Менің тапсырмам – аудандағы мал ұрлығына қатысты осы істі қайта көтеру. Барлық болжамдарды зерделей отырып, дұрыс тексеру. Жедел шаралардың барлығы жасалды ма. Соны анықтау керек. Осыған орай жылдам тергеу тобын құру туралы менің бұл тапсырмамды полиция департаментінің бастығына дайындау. Осы ауданда ірі қара мал ұрлығына қатысты  істі ашу керек.

Азаматтық қабылдау барысында бұдан бөлек жер дауы да сөз болды. Аумақты заңсыз иелену, Барлық сауалдар бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Айта кетуіміз керек, облыс прокуроры тұрғындармен дәл осылай тоқсан сайын жүздеседі. Сондай-ақ әр аптаның сәрсенбісінде сағат 11-ден бастап прокуратура ғимаратында азаматтарды қабылдайды.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТОЛЕГЕН, КОКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...