ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

19:41, 14 ақпан 2020

Биыл Ақмола облысы бойынша 3 ауысымды 12 мектептің саны екі есе қысқармақ. Яғни, ағымдағы жылы Көкшетау қаласындағы 3 мектептің қосалқы ғимараты дайын болады. Сонымен қатар, Целиноград ауданындағы Қоянды, Қажымұқан, Қосшы ауылдарында жаңа мектептердің құрылысы аяқталмақ. Бұл туралы облыстық білім басқармасының өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындау мақсатында өткізген алқа отырысында айтылды.

РКС: Өткен жылы педагогтар қатарына 500-ге тарта жас маман қосылды. Олардың 400-ге жуығы елдімекендердегі мектептерге аттанды. Ұстаздар қауымы үшін өткен жыл «Педагогтар мәртебесі» туралы жаңа заңның қабылдануымен ерекшеленді. Алқа отырысында білім беру саласындағы түйткілдерді шешу мақсатында атқарылып отырған жұмыстар да айтылды. Мәселен, бүгінде өңір бойынша 3апатты мектеп пен 3 ауысымды 12 білім ошағы бар. Бұл түйткілдерді шешу мақсатында бүгінде қала мектептері жанынан қосалқы ғимараттар салынуда. Сонымен қатар Целиноград ауданының бірнеше ауылдарында жаңа мектептер бой көтермек.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ,  ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Биыл Төңкеріс ауылында балабақша құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданындағы Қоянды ауылында мектепке дейінгі 2 тәрбие ошағының құрылысы басталды.  Целиноград ауданындағы Қажымұқан мен Қояндыда 2 емктептің құрылысы жүріп жатыр, биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Биыл Облыс орталығындағы 3 мектепте 3 ауысымда оқу мәселесі күн тәртібінен алынады. Себебі, сол мектептердің жанынан қосалқы ғимараттар салынуда. ///

РКС: Сөйтіп, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балғындарды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі 100 пайыз шешілді. Бұл ретте Целиноград ауданының жетістігі мол. Себебі, ауданда жаңа балабақшалар мен мектеп құрылысы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылған. Алқа отырысына әр ауданның білім бөлімдерінің жетекшілері қатысып, жетістіктерімен бөлісті.

МАЙРА БАЙБОЛАТОВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ   

РКС: Алқалы жиында білім беру саласындағы бірқатар түйткілді мәселелер де айтылды. Бұл мектептегі тамақтану, оқушыларды оқу құралдарымен және мектеп автобусымен қамту. Сонымен қатар білім ошақтарында соңғы модификациядағы кабинеттер ашу, бейнебақылау камераларын орнату, сандық технологияны енгізу. Жиында білім беру саласындағы мәселелерді шешуге мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетігін барынша пайдалану қажеттігі айтылды.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...