ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ

19:33, 13 желтоқсан 2018

РКС: Үш жылға арналған өңірдің басты қаржылық құжаты білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешендерінің жұмысын жетілдіруді көздейді. Соған сәйкес, бюджет қаражаты да нақты бағыттарға бөлініп отыр. Мәселен, білім беру саласына 1,4 миллиард теңге, денсаулық сақтауға 3,2 миллиард теңге,  халықты әлеуметтік қорғауға 3,2 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қоса, мәдени нысандардың базасын нығайту, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту мен жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмаған.

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ // Автокөлік жолдарының сапасын жақсарту мен көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,1 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ал, табиғатты қорғау саласына 1,1 миллард теңге жұмсалмақ. Ақмола облысының экономикалық дамуына аграрлық сала тікелей әсер ететіндіктен, ауылшаруашылығы саласын дамытуға 2019-шы жылға облыстық бюджеттен 16,6 миллиард теңге бөлінбек. Сонымен қатар, ішкі істер органдары мен төтенше жағдайлар департаменті қызметінің тиімділігін арттыру үшін 5,7 миллиард теңге жұмсалады.  

РКС: 2019-20121-ші жылдарға арналған облыстық бюджеттің параметрлері алдағы уақыттағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде жасалған. Әр салада Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды және мемлекеттік бағдарламаларды орындауға басымдық беріледі.  

СНХ: СЕРГЕЙ КИСТИН, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ // Облыстық бюджеттегі негізгі басымдық өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қабылданған құжаттарды іске асыруды жалғастыру және мемлекеттік бағдарламаларды орындау бағытында болып қала береді. Облыстық бюджетте әрбір салаға қомақты қаражат қарастырылып отыр. Мұның бәрі өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге арналған.

РКС: Жиында «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағын беру мәселесі де қаралды. Биыл облыстық мәслихаттың қарауына 6 ұсыныс түскен. Соның ішінен депутаттар бірауыздан екі мәрте Ақмола облысының әкімі қызметінде болып, өңір дамуына елеулі үлесін қосқан Сергей Витальевич Кулагинге «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағын беруді  қолдады. Сонымен қатар, мәслихат сессиясында Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылдық округінің Зареченка елдімекенін және Біржан сал ауданының Невский селосын қайта атау мәселелері қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

НҰРГҮЛ НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар