ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ЖҮЛДЕГЕРІ

19:11, 6 маусым 2019

РКС: 13 елдің өнер ұжымы қатысқан халықаралық байқауда жерлестеріміз намысты қолдан берген жоқ. Жергілікті өнер ордасының әртістері – бұл байқаудың өздері үшін сәтті өткенін айтады. Қазылар алқасы театр ұжымының жұмысын жоғары бағалаған. Тіпті, байқаудан соң, жерлес әртістерге гастрольдік сапарға қатысты бірқатар ұсыныс түскен.

СНХ: МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ  ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫ ӘДЕБИЕТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ/// Біздің биылғы 22 театр маусымы өзінің жемісін берді. Сәтті жыл болды деуге болады. Биыл театрымызда көптеген жеңістер мен жетістіктерге толы болды.  Бұл үлкен қуаныш қой. Десе де, бұл қуанышқа жетудің өзіндік жолдары бар. Бұл жерде бізге кішкене қолдау жетіспеді жан-жақты. Бұл театр фестиваліне өнер ордасы өзінің тапқан ішкі қаражатына барып келді. Біздің жоғарыдағы ағаларымызға айтар өтініш, ақ тілектеріміз бар. Театр өсу үшін, өну үшін көптеген байқауларға қатысуы керек. Ал оған қатысу үшін айналып келген кезде бәрі қаржыға, демеуге тіреледі.

РКС: Өңір мәдениетін дамыту ісінде өзіндік үлестерін қосып жүрген өнер майталмандары сапар барысында көпшіліктің қошеметіне бөленіп, үлкен шығармашылық әсермен оралған. Өйткені, мұндай шығармашылық ортада жастар шыңдалып, артық-кем тұстарын сарапқа салады,-дейді театр әртістері.

СНХ: МАРЖАН БӨКЕШЕВА, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ/// Біріншіден, мұндай фестивальдер актер үшін, режиссер үшін өте қажет. Бұл жерде біз, жалпы біздің театр қандай бағытта бара жатырмыз, дұрыс жолда келе жатырмыз ба, өзіміздің деңгейімізді көріп, салыстырып, тәжірибе алмасып, өзімізді көрсетіп, сондай актерларға өте керемет, керек фестивальдер. Барғанымызға өте қуаныштымыз.

РКС: Қазақстанның намысын қорғаған театр ұжымының құрамында бүгінде жастар көп. Бәрінің арманы бір – театр майталманы болу. Алдағы уақытта дарын иелері көрермендерді өз өнерлерімен қуантып, театр өнерін жаңа биіктерге көтеру жолында аянбай еңбек етпек.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар