ШҰҒЫЛ! ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ Толығырақ

ОЙЫН БАЛАСЫ ЖАЗДЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ?

21:17, 25 мамыр 2020

 

ДК: Карантин кезінде оқушылардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылмақ? Биыл қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерь балаларды қабылдай ала ма деген сұрақ әрбір ата-ананы алаңдататыны сөзсіз. Бұл орынды. Қатерлі індет жүріп жатқан кезеңде ойын баласының көңілін аулау оңай болмайтын түрі бар. Әзірге  өңірдің білім басқармасы балалардың демалысын екі бағытта ұйымдастыруға әзірлік жасауда.  

РКС: Облыстық білім басқармасы биылғы жазғы демалысқа 2 түрлі дайындық жасауда. Біріншісі, дәстүрлі. Яғни, жазғы лагерьлер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істемек. Оған дайындық шаралары бүгіннен басталып та кетті.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз.//Біздің Ақмола облысында басқа облыстармен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні қала сыртындағы немесе мектеп жанындағы лагерьлерге қабылдау бойынша жағдай жаман емес. Тек Целиноград ауданында ғана жұмысын ұйымдастыра алмаймыз. Бас санитарлық дәрігердің қаулысында Целиноград ауданының Қосшы және Қоянды  ауылдары көрсетілген. Ол жерде қосымша білім де өткізілмейді. ///

РКС:  Яғни, өңірдің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болса, маусымның 15-інен қала сыртындағы 20 лагерь мен мектеп жанындағы 450 лагерь және  қосымша 300 алаң балаларды қабылдай бастайды.

СТЭНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, РЕДАКТОР ///Соңғы қоңыраудың сыңғыры естілісімен-ақ, ата-ананы әбігерге түсіретін бір жәйт, баласының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, маусымның 15-інен қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастайды. Covid-19 коронавирусы жылдағы қалыптасқан дәстүрлі демалысты бұза ала ма?Яғни, ата-аналар балаларын лагерьлерге жіберуге дайын ба? Білейік. ///

САУАЛНАМА

РКС: Сауалнама көрсеткеніндей, ата-аналардың бір тобы балаларын сыртқа топпен демалысқа жіберуге қауіптенеді. Егер өңірдегі эпидемиологиялық  жағдай күрделене түссе, білім басқармасы жазғы демалысты онлайн режимінде ұйымдастыруға да дайын. Яғни, түрлі бағыттағы үйірмелер өткізіледі.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
20:04, 7 тамыз 2020
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КУРОРТТЫ БУРАБАЙ КЕНТІНЕ АПАРАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
19:08, 3 тамыз 2020
КУРОРТТЫ БУРАБАЙ КЕНТІНЕ АПАРАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...