ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ОЙЫН БАЛАСЫ ЖАЗДЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ?

15:05, 31 мамыр 2020

 

ДК: Карантин кезінде оқушылардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылмақ? Биыл қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерь балаларды қабылдай ала ма деген сұрақ әрбір ата-ананы алаңдататыны сөзсіз. Бұл орынды. Қатерлі індет жүріп жатқан кезеңде ойын баласының көңілін аулау оңай болмайтын түрі бар. Әзірге өңірдің білім басқармасы балалардың демалысын екі бағытта ұйымдастыруға әзірлік жасауда.

СНХ: ӘМИНА СӘПИЕВА, «МҰРАГЕР» АУЛА КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ///қаз. Мұғалімдер, мен сіздерді өте қатты сағындым. Мына карантин мені өте шаршатты. Мен үйде оқығым келмейді. Мен мектепте оқығым келеді. Мен рукоделиеде оқығым келеді. Мұрагерде оқығым келеді. Мен сіздерді өте қатты сағындым. ///

СНХ: ДИЛЯРА РАМАЗАНОВА, «МҰРАГЕР» АУЛА КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ///қаз.///Карантиннің аяқталғанын қалаймын. Мен «Мұрагер» клубымызды және оның дарынды мұғалімдерін сағындым. Мен шығармашылық тұрғыдан дамытатын сүйікті үйірмелеріме қатысқым келеді.//

РКС: Бұл жазғы демалысқа шығып, аула клубтарында өздерін шығармашылық тұрғыдан дамытып жүрген балалардың ұстаздарына арнап жазған хабарламалары. 4-ші тоқсанда үйде отырып оқыған олар достарымен тым болмады жазғы демалыста қауышқысы келеді.  Ал, ағалы-інілі Арыстан мен Дастан Омаровтар жазғы демалыстарын қала сыртындағы сауықтыру лагерінде өткізгісі келеді. Тіпті, 11-ші сыныпты тәмамдаған Арыстан тәлімгер болу үшін облыстық педагогикалық жасақта арнайы оқудан да өткенін айтады.

СНХ: АРЫСТАН ОМАРОВ, ОҚУШЫ  ///ҚАЗ. 4 тоқсанда коронавирустың кесірінен үйде қашықтан оқыдық. Жазғы демалыста үйде отырамыз деген қорқыныш сезімі болды. Үйде өткізгім келмейді. +скл+Қазіргі жоспарларым лагерьге вожатый болып бару. Бақытты шаттыққа толы сәттерге толтырып өткізгім келеді. +скл+Думан орталығында пионерлікке оқып жүрмін. Лагерьге барып, балалармен бірге демалып қайту менің жоспарымда бар. ///

СНХ: ДАСТАН ОМАРОВ, ОҚУШЫ   //ҚАЗ. Мен 4-ші тоқсанда үйде отырдым. өте қатты достарымды сағындық. мен каникулға шықтым. карантинге байл үйде отырып қашықтан оқыдық. скл. мен длостарымды қатты сағындым. каникулымды лагерьға барғым келеді. жаңа достар тауып көңіл көтергім келеді.  ///

РКС: Оқу жылының соңғы тоқсанында карантиннің салдарынан қашықтан  оқыған оқушылар  бүгінде смартфоннан да жалықты. Бірақ басқа амал жоқ, себебі, балалардың бүгінде тек өз аулаларында ғана ойнауға мүмкіндігі бар.

НҰРЖӘЙНА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ОҚУШЫ ///Қалалық саябақтың жабық тұрғаны бір жағынан дұрыс. Ауру тарамас үшін. Бірақ біз де, қарапайым халық, үйде отырып шаршадық, біздің қыдырып, Зеренді, Бурабай сияқты жерлерге барып, жазғы демалысымды қызықты өткізгіміз келеді. ///

СТЭНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, РЕДАКТОР///Мамырдың мамыражай жайма шуақ күндерінде орталық саябақ балаларға лық толатын. Карантин салдарынан балалар алаңдары .....

РКС: Ия, әзірге балаларға арналған қаладағы барлық ойын-сауық орталықтары жабық. Аталған нысан иелері есіктерін айқара ашу үшін облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысын күтуде. Осыдан Сovid-19 коронавирусы балалардың жазғы демалысын тамаша өткізуге кедергі бола ала ма? Биылғы жазда балалар үшін ойын-сауық орталықтары ашыла ма, демалыс лагерьлері жұмыс істейді ме деген сауал туындайды. Оған жауапты облыстың бас санитар дәрігерінен білдік.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ   ///аударма: Қазір біз Сovid-19 коронавирус инфекциясының таралу деңгейінің төмендеуіне қатысты мониторинг жүргізудеміз. Оның қорытындысы әзірге дайын емес. Келесі аптада облыс аумағындағы жағдайға сараптама жасап, оның нәтижелерін аймақтық шұғыл штабтың отырысында ұсынамыз да штаб мүшелерімен қажетті шешім қабылдайтын боламыз. Егер жағдай тұрақты болып жатса, балаларға арналған жазғы демалыс лагерьлері ашылады. Бірақ оларды біз алдымен тексеруден өткізіп, дайындықтарын байқаймыз. Әр демалыс орталығын жеке-жеке қабылдап алуымыз керек.///

РКС: Бүгінде облыс бойынша 1-10 сынып аралығында 120 мың оқушы білім алады. Олардың 70 пайызы әдетте, мектеп жанындағы лагерьлерде демалыстарын өткізсе, 10 пайызы қала сыртындағы лагерьлерде сауығатын. Карантинге байланысты биыл облыстық білім басқармасы жазғы демалысқа 2 түрлі дайындық жасауда. Егер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, балалардың жазғы демалысы дәстүрлі түрде өтпек. Яғни, жазғы лагерьлер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Оған дайындық шаралары басталып та кетті.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз. Ақмола облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Жоспар бойынша бізде қала сыртындағы лагерьлер 15-ші маусымнан бастап жұмыс істейді деп жоспарлаудамыз.  Осыған байланысты аудандық бөлім басшыларына тапсырма берілді, олар  балаларды қабылдауға дайын болу керек. Барлық талаптар сақталуы керек. ///

РКС: Яғни, өңірдің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болса, маусым айының ортасында қала сыртындағы 20 лагерь мен мектеп жанындағы 450 лагерь және  қосымша 300 алаң балаларды қабылдай бастайды.

СТЭНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, РЕДАКТОР ///Соңғы қоңыраудың сыңғыры естілісімен-ақ, ата-ананы әбігерге түсіретін бір жәйт, баласының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, маусымның 15-інен қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастайды. Covid-19 коронавирусы жылдағы қалыптасқан дәстүрлі демалысты бұза ала ма?Яғни, ата-аналар балаларын лагерьлерге жіберуге дайын ба? Білейік. ///

САУАЛНАМА

РКС: Сауалнама көрсеткеніндей, ата-аналардың бір тобы балаларын сыртқа топпен демалысқа жіберуге қауіптенеді. Егер өңірдегі эпидемиологиялық  жағдай күрделене түссе, білім басқармасы жазғы демалысты онлайн режимінде ұйымдастыруға да дайын. Яғни, түрлі бағыттағы үйірмелер қашықтан өткізіледі. Бұл бағытта қаладағы білім бөлімі жанындағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс жөніндегі орталығының тәжірибесі мол.

Ест шум сабақтан үзінді

СНХ: МАРАЛ ӘЛЖАПАРОВА, «ӘУЛЕТ» МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма: Маусым айында біз қашықтан жұмыс істейміз деп жоспарлап отырмыз. себебі, 55 ұстаз еңбек демалысына жіберіледі. Жоспарға сай балаларға арнап 71 іс-шара ұйымдастырылады. Маусымда шамамен, бір жарым мың баланы, ал шілдеде 1200 баланы қамту қарастырылған. Тамыз айында дәстүрлі форматқа көшетін болсақ, «Ұлы дала ұрпақтары» атты 4 ауысымдық юрта лагерін ұйымдасытру жоспарланып отыр. аула ойындары, спорттық жарыстар бағдарламада  басқа да көңіл көтеретін ойындар бар. ///

РКС: Сөйтіп, көркем-эстетикалық, техникалық, тілдік, қолданбалы қолөнер басқа да бірнеше бағытта балалармен жұмыс істейтін «Әулет» орталығы оқу жылының соңғы тоқсанында балалармен байланысты үзбей, қашықтан жұмыс істеді. Бұл тәжірибені енді жаздың алғашқы екі айында да қолданбақ.

СНХ: АННА ПАРХОМЕНКО, «ӘУЛЕТ» МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ///Аударма: Демалыс кезінде біздің орталықтың онлайн үйірмелеріне қатысушылар саны артты деуге  де болады. Себебі, түрлі өнер үйірмелерін қашықтан өткізудің бір пайдасы да бар. Мәселен, домбыра не биді біз алдын ала бейнетаспаға түсіріп аламыз да балаларға жібереміз. Сол арқылы балалар оны тез меңгеріп кетеді. Бұл олардың бос уақыттарын тиімді өткізе мүмкіндік береді. Сондықтан, жазғы демалыста балаларды біздің «Әулет» орталығының үйірмелеріне қатысуға шақырамыз. Бізбен бірге жазды пайдалы, әрі қызықты өткізу мүкіндігі бар. ////

РКС: Ал егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, орталық өз жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Ол үшін орталық мамандары маскаларды қолдан тігіп, дезинфекциялық құралдарды түгендеп, алдын ала дайындық та жасаған. Тек дене қызуын қашықтан өлшейтін құрал ғана жетпейді.

СНХ: МАРАЛ ӘЛЖАПАРОВА, «ӘУЛЕТ» МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма: Біздің орталық балалардың жазғы демалысын дәстүрлі форматта өткізуге де дайын. Жалпы, жаз айларында 3 мыңға жуық баланы түрлі бағыттағы іс шараларға қатыстыру жоспарлануда. Санитарлық нормаларды сақтауға қатаң назар аударатын боламыз. Яғни, іс-шаралардың көбін таза ауада аулада өткізуге тырысамыз. Кабинетте өтетін болса, арақашықтықты сақтауды, маска киюді қадағалаймыз. ////

РКС: Облыстағы басқа да ұйымдар балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуі бағытында жұмыс істеуде. Мәселен, «Жұлдыз» облыстық бірлестігі мектеп оқушыларымен байланысты онлайн режимде жалғастыруды жоспарлайды.

СНХ: МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, «ЖҰЛДЫЗ» БАЛАЛАР ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма. чем займутся дети на период лета? ...Балалар жазғы мерзімде немен айналысады десек, оларға арнайы бірнеше бағдарлама дайындалды. Республикалық және облыстық деңгейде түрлі бағытта форум ұйымдастырамыз. Сөйтіп, балаларды жан-жақты дамыту бағытында әлеуметтік желілерде де түрлі байқаулар ұйымдастырып, тіклеей эфирлер өткіземіз. Балаларды волонтерлыққа да тартамыз. Ол үшін арнайы оқытамыз. ////

РКС: Яғни, облыс аумағында балалардың жазғы демалысын, көңілді, пайдалы, ал ең бастысы, қауіпсіз өткізу бағытында жұмыстар атқарылуда.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН АҚМОЛА АПТА

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...