ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ОЙЫНШЫҚТАР САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

19:21, 9 қаңтар 2019

РКС: «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының ғимараты жаңа. Сәйкесінше зертханалар, ондағы құрал жабдықтар, өзге де техникалар заман талабына сай озық тенхологиялар. Мұнда азық-түлік, құрылыс заттары, автокөлік, астық сапасы да тексеріледі. Ал ойыншықтар сараптамадан өтпейді. Өйткені оны тексеруге әкелетін адам жоқ.

СНХ: ГАЛИНА САМСОНОВИЧ,  «САРАПТАМА ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /2010-2014 жылдар аралығында, яғни  шағын және орта бизнес саласын тексеруге мораторий жарияламай тұрғанда техникалық реттеу комитеті облыстық прокуратурамен бірігіп кәсіпорындарды тексерген болатынбыз. Яғни ойыншықтарды көтерме сауда орындарынан сатып алып, зертханадан өткіземіз. Нәтижесінде көптеген қауісіздік ережелерінің бұзылғандығы анықталған. Мәселен ойншықтың иісі тиісті нормадан асып, құрамында формальдегидтің шамадан тыс көп болуы, ойыншықтардың шеттерінің өткірлігі анылталған. /

РКС: Мамандар сол тексерістер нәтижесінде заң бұзушылықтар өте көп тіркелгендігін айтады. Яғни саудаға әкелінген ойыншықтардың барлығы  арнайы сараптамадан өткен. Нәтижесінде сапасыз тауарларды сатуға жалпы пайдалануға шектеу қойылған болатын. Шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған мониторингтен соң сапасыз тауардың артқаны шындық. 

РЗК: К сожалению, наличием сертификата может похвастать не каждый продавец.

РКС: Өздеріңіз байқағандай кейбір кәсіпкерлер сертификат алу ақшаны текке жұмсау деп есептейді. Ал сапасыз ойыншықтардың балалар денсаулығына әкелер зияны орасан.    

СНХ: ГАЛИНА САМСОНОВИЧ,  «САРАПТАМА ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /Мұндай кәсіпорындар мен сатушыларға санкциялар салыну керек. Біріншіден иістің шамадан тыс көп болуы аллергиялық реакцияны тудырады. Формальдегидтердің шамадан тыс көп болуы тұншығуға, уланудың ауыр түріне алып келуі әбден мүмкін. / 

РКС: Ойыншық таңдағанда әрине тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне назар аудару аса маңызды. Өйткені сауда сөрелерінде толған ойыншықтардың сапасы сан алуан.

М.Айбабина, Сания Көпжасарова

 

 

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...