ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ОҚУ ОРНЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

19:56, 16 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Өңірде орта арнаулы және жоғары оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына баса мән берілуде. Алдымен  оған оқу орны жауапты. Мәселен, биыл қолына диплом алған түлектердің бүгінде шамамен жартысына жуығы өз мамандығы бойынша еңбекке араласты. Жұмысқа орналасу мәселесі әлі де қызу талқыланып жатыр. Толығырақ  әріптесім Тілек Қайыржан баяндайды.

РКС: Бахтияр Еркінұлы 2015 жылы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжін тәмамдап, кейін Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының музыкалық білім беру кафедрасында білім алған. Биыл оқуын тәмамдап, колледжге  оқытушы болып қабылданды.

СНХ: БАХТИЯР ТӨЛЕУБАЙ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ///қаз/// Жоғары оқу орнында жүріп-ақ «Қайдасыңдар қасқа құлындар», «КПК лайф» пасқа да парақша арқылы осы колледж туралы хабардар болдық. +СКЛ+ Колледжде барлық жағдай жасалған. Музыка пәнін оқыту үшін «ЗУМ» платформасы арқылы онлайн түрде өткенімен, басқа техникалық жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

РКС: Колледжде «Табысты түлек»  орталығы орналасқан. Осы орталықтың жоспары бойынша арнайы құрам 7 мамандық бойынша жұмыс істейді.  Сондай-ақ, түлектер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.  

СНХ: ҚАРАГӨЗ МҰҚЫШЕВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз/// Биылғы оқу жылын 319 түлегіміз аяқтады. Оның ішінде 44 түлек мемлекеттік грант иегері болды. Қазіргі таңда 263 студентіміз жұмысқа орналасты. Студенттеріміздің жұмысқа орналасуы бойынша жыл бойы жұмыстар жүргізіледі. Атап айтсақ, аудандық білім бөлімдерімен, жұмыспен қамту орталығымен  жұмыс жасаймыз.

РКС: Облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін  орта арнаулы 32 оқу орны бар. Биыл  қолына диплом алған 6243 түлектің жартысынан көбі жұмыспен қамтылған.

СНХ: КЕНЖЕБАЙ БЕКБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ  БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БАС МАМАНЫ ///қаз///Не себепті толық қамтылмай отыр? Оның объективті және субъективті себептері бар. Объективті себеп: карантин жағдайына байланысты экономика саласындағы мекемелердің өздері жұмыссыз отыр. Әсіресе, біздің мамандықтар бойынша, шаштараз, аспазшы т.б. Бүгінде ол мекемелер жабық. Сол себепті бұл да үлкен әсерін тигізіп отыр. +СКЛ+ Сонымен қатар астық алу қарқыны аяқталады. +СКЛ+ Содан соң,  ауыл шаруашылығы мамандығының түлектері жұмысқа орналасады. +СКЛ+ Дегенмен де, бұл көрсеткіш әлі де көтеріледі деп сенеміз. +СКЛ+ Өйткені, бұл мамандықтарға сұраныс бар.

РКС: Қазіргі уақытта барлық бағыт бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі жүргізілуде. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін биыл 1971 студент тәмамдады. Олардың да тең жартысы жұмыспен қамтылды. Педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы саласының мамандықтары бойынша түлектер дипломдарына сәйкес еңбек етіп жатыр.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...