ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ҚОРҒАНЫС ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ!

18:35, 12 наурыз 2018

Жақында ғана Сарыарқа ықшам ауданында  ашылған №26 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өткізілді. Ұймдастырушылардың  айтуынша мұндай  экскурсиялар  мен кездесулер оқушылардың ынтасын арттырып, болашақ құтқарушыларды тәрбиелеп, мамандық таңдауларына ықпал жасайды дейді.

Оқушылар  өрт сөндіру қызметінің мұражайымен танысты. Содан кейін өрт сөндірушілер оқушыларға жауынгерлік киім нысанын және өрт сөндірушінің жабдықтарын көрсетті.Қатысушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың   әр-түрлі   құралдарын көріп, жұмыс барысын бағамдады.

Іс-шараның соңында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндіруге арналған  құрал жабдықтармен  арнайы машықтанған шеберліктерін көрсетті. Аталған сала мамандарының көздегені  қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болу.Айта кету керек жыл басталғалы осы сипатта 14 ашық есік күні өткізілген.       
Балауса Жақсыбай

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар