ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

14:38, 19 шілде 2019

ДК: "Оқжетпес" футбол мектебінің жас футболшылары Тимур Сегізбаев турнирінің негізін салушы және ұйымдастырушылары Николай және Татьяна Куленюктарды еске алуға арналған 12-ші Халықаралық балалар турнирінің жеңімпаздары атанды. Бұл жайлы әріптесім Ғалымжан Оразханұлы баяндайтын болады.

РКС: Ерлі-зайыпты Николай мен Татьяна Куленюк балалар футболын дамытуға айырықша  үлес қосты. Аталмыш жарыстың Зеренді баурайында өтуі де тегін емес. Себебі, дәл осы топырақта ең алғаш Тимур Сегізбаев турнирі өткен. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан және Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен 25 команда қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне  байланысты екі топқа бөлінді. Яғни, 2008-2009 және 2010 жылдары туған жас өрендер.

СНХ: АНАТОЛИЙ АНДРЕЕВ, БАПКЕР Өте мықты бәсеке болды. Алаңда жақсы командалар кездесті. Футболшылар жақсы ойын көрсетіп, барлық күш-жігерін салды. Ойын нәтижесінде жүлделі бірінші орынды иеленді. Олар командалық рухтың не екенін сезініп, қарсыластарымен бәсекеге түсті. Оның үстіне бұл олардың халықаралық деңгейдегі алғашқы жарысы.

РКС:  Өкінішке орай, турнирдің қорытындысы бойынша ересектер тобы жүлделі орыннан көріне алмады. Алайда, 2010 жылы туған  жас футболшылар қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс жалауын желбіретті. Ойын топтық жүйеде өтті. Жүлделі екінші орын Ақтөбе қаласының "Алихан" футбол клубының командасына бұйырды. Ал, жерлес "Оқжетпес"балалар және жасөспірімдер футбол мектебінің оқушылары көш басына жайғасты. Айта кету керек, ересектер тобында 18, ал кіші топта 7  құрама  қатысты.

СНХ: ЭМИЛЬ КАРИМОВ, «ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ Мені футболға ата-анам алып келді. Жаттыға келе жақсы ойнай бастадым. Жақында Зерендіде өткен жарыста біз бірінші орын алдық, өте жақсы турнир өтті. Ойын барысында ойланып, жақсы жаттығу керек болды.

РКС: Осы жылдар ішінде Тимур Сегізбаев турнирі балалар футболының жарқын мерекесіне айналды. Аталмыш жарысты  қатысушылар мен жанкүйерлер асыға күтеді. Зерлі Зеренді өңірі спорттың осы түрін кеңінен қолдап, оның дамыуына өздерінің сүбелі ұлестерін қосуда. Николай мен Татьяна Куленюкті еске алу турнирі Тимур Сегізбаев турнирінің лайықты жалғасы болып табылады.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, ИВАН ДУБЕЙКА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...