ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОЛИМПИАДА МЕДАЛІ ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ

14:16, 13 желтоқсан 2018

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР /// Анна ауыр атлетикамен 13 жасынан бастап айналысты. 

РКС: Анна Нұрмұхамбетова зілтемір көтеруді Қостанай қаласында білікті бапкер Владимир Михайлусовтан үйренді. Жауапты жарыстардағы алғашқы табыстары Степногорск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта басталды. Олимпиада ойындарының жүлдегері Ирина Некрасованы қанаттандырған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Шевченко жас шәкіртіне бірден сенім білдіріп, кеңейтілген бағдаралама арқылы баптай бастады. Санаулы жылдарда Анна Нұрмұхамбетова әлем чемпионатының жүлдегері және Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды. Сөйтіп, Қазақстан құрамасының сапына қабылданған бойжеткен Лондон олимпиадасына жолдама алды.

СНХ: АННА НҰРМҰХАМБЕТОВА, ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ  /// Олимпиададан кейін жарақатымды жазу үшін біраз уақыт емделуге тура келді. Қазір денсаулығым жақсарып, спорттық бабыма келдім. Бүгінгі таңда Көкшетаудағы Қажымұқан спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынында жүрмін. Тәуелсіздіктің қарсаңында білікті бапкер Владимир Пакты еске алуға арналған турнир өтеді. Алдағы 2019 жылдың алғашқы айларында Қазақстан Республикасының чемпионаты болады. Негізі мақсат Токио Олимпиадасына қатысу.

РКС: Халықаралық Олимпиада Комитеті Белорустың бұрымды ауыр атлеттері Мария Шкермоновамен Диана Сазоновецтің доппинг қолдануына байланысты Лондон Олимпиадасының қола медалін Қазақстандық Анна Нұрмұхамбетоваға беру жөніндегі шешімі спортшыларды қуанышқа кенелтіп отыр.

СНХ: ДЖАМАЛИДЕН ПАНАХОВ, 1977 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ РЕКОРДШЫСЫ, АУЫР АТЛЕТИКА АРДАГЕРІ, //// Біз ауыр атлетшілер қуаныш құшағындамыз. Лондон Олимпиадасында тамаша өнер көрсеткен қызымыз Анна Нұрмұхамбетоваға қола медаль беру жөніндегі шешім спорттағы әділдікті көрсетіп отыр. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап, ауыр атлетикасы мықтап дамыған Көкшетау үшін үлкен мәртебе. Олипиадада медаль алған Ирина Некрасоваға, Мария Гробовецкаяға Анна Нұрмұхамбетова қосылды. Бұл тамаша бапкерлер Батырбек Оздоев пен Сергей Шевченконың ерен еңбегі.

РКС: Лондон Олимпиадасында Аннаның армандаған медалі арада біраз жылдар өтсе де, аруымызға беріліп отыр. Бұл спортшы үшін бақыт емес пе...

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...