ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ - АСЫЛ АРДАГЕР

19:45, 14 ақпан 2020

Ақмола облысында Ұлы Отан соғысының 40-қа жуық ардагері өмір сүруде. Олардың 13-і Көкшетау қаласында. Телеарна тілшілері мен өңір ұйымдары асыл қариялардың әрқайсысына арнайы барып, батасын алып қайтуға ниетті. Асылбек Жәзиұлының өмір дерегімен әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы танысып қайтты.

РКС:  1943 жылы тағы бір қазақ баласы құжатына жас қосып, жаздырып майданға аттанады. Отан үшін тәуекелге бекіген шаңырақтың кенжесі Асылбек Жәзиұлы қан майданда оқ құшқан әкесі мен екі ағасының кегін қайтармаққа серт етеді. Бозбала болып аттанған ардагер, 1950 жылы офицер болып елге оралады.  

СНХ: АСЫЛБЕК ДӘУЛЕТОВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ  /// (қазақша) Ол кезде 18-ге толмаған едім. Құжатыма өзімді 1925 жылғы деп жаздырып, майданға аттандым. Орта ғана бойлы, салмағым небәрі 45 кг, жас бала едік. Әуелі Фрунзеде дайындықтан өттік. 3 ай оқудан кейін, майданға жіберді. 3-ші Украина фронтында соғыстық.

РКС: Сұр аспанның гүрілдеп ажал төккен жылдарын ардагер күрсініп еске алады. Асылбек ақсақал Украинаны, Шығыс Пруссияны, Австрияны азат ету операцияларына қатысады. Ұрыстың ең бір кескілескен жерінде талай жолдас жазым болды, талай асыл азаматтар жер жастанды. Өткен күннің бейнетін, бейбіт заманның зейнетіне алмастырған қария бүгінде бақуатты күн кешуде. Тоқсанның да тең ортасына келіп қалған Асылбек Жәзиұлына жастар мен түрлі ұйымдар жиі келіп тұрады. Аға буынға қамқорлық танытуға кәсіпордақ мамандары да үлес қосып келеді.

СНХ: АЗАМАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «SENIM» КӘСІПОДАҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ДӘРІГЕР///(орысша)///Ардагерлерге әрқашан көңіл бөлуге, қызмет қылуға әзірміз. Жиі келіп, қариялардың денсаулығын, қан қысымын тексеріп тұрамыз. Ақсақалдың жүрек қағысы қалыпты. Көңіл-күйі көтеріңкі. Бұл өте жақсы. Ардагерлердің ел мен жерді сақтап қалуға қосқан үлесін ешқашан ұмытпаймыз.  

РКС: Асылбек ақсақал соғыстан кейін елге оралып жұбайы Орынбасар Шәйкенқызымен бірге бақытты ғұмыр кешеді. Көкшетау өңіріндегі Арықбалық, Володар, Ленинград аудандарында партия хатшылығы қызметтерін атқарады. Орынбасар әже де соғыс жылдары тылдағы тынымсыз еңбекке араласқан, кейін шәкірт тәрбиелеп ұстаздық еткен. Қазыналы қариялар ел ертеңі жастарға үлкен үмітпен қарайды.

СНХ: АСЫЛБЕК ДӘУЛЕТОВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ /// 05/23 Жастарға айтатыным, біздің көргенімізді көрмесін. Біз армияда болсын, азаматтық өмірде болсын қиыншылықты көп көрдік. Енді мына бейбіт өмірді әрі қарай дамыту сендердің қолдарыңда.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  ШОҚАН ТӘУКИЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...