ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ӨМІРІН ӨРНЕКПЕН ӨРНЕКТЕГЕН...

13:15, 22 мамыр 2020

 

 

ДИКТОР: Келесі сюжет кейіпкерінің тағдыры  таңқалдырады әрі кез-келген адамды жігерлендіреді. Ол керемет суретші. Кез-келген жанрға жан бітіреді. Көркем сурет, рельеф,  барельеф,  кесте,  зергерлік  – бәрі қолынан келеді. Өмірін суретпен өрнектеген  шебер жайында  әріптесім Айгүл  Мырзағалиқызы айтады.

 

РКС: Мәрзия Мұханбетжанова бізді жылы шыраймен қарсы алды. Оның өмірге деген құштарлығы таң қалдырады. Оның аяғынан тұрғанына көп болмаған. Сурет өнеріне келгеніне 7 жыл болыпты. Әуелде  өз идеяларын қағазға түсіріп, мүсін жасап, кесте тігетін. Кейін фарфор зауытында кәдесыйларды  өрнекпен  әрлейтін  әмбебап қызметкер болды. Балабақша қабырғаларына мультипликациялық кейіпкерлердің суретін салды. 96-шы жылы төбе мен қабырғаларға сурет салумен кәсіби түрде айналысуды бастады.  Қайғылы оқиға 2013 жылы болыпты. Биіктен құлап, омыртқасын сындырып алған.

 

СНХ: МӘРЗИЯ МҰХАНБЕТЖАНОВА, СУРЕТШІ /// РУСС////Мен көпке дейін жүре алмадым. Жұмыстың көбін  төсекте  жатып істедім. Қозғала алмадым. Компьютер алып, графика жасадым. Барлық мұңым мен қуанышымды сол жерде бейнеледім. + Шығармашылық – менің ғұмырымның мәні. Ішкі жағдайымды тек сол арқылы жеткіземін. Сол кезде  өмір өте әдемі, түрлі түске толы болып көрінеді.

 

РКС:  Мәрзия құлаған соң, үш жылдан кейін жұбайы да дәл сондай жағдайға ұшырайды. Төбеде сурет салмақшы болған кезде құлап, ол да  омыртқасын сындырады. Көбі  отбасылық жұптың шығармашылығы осымен тоқтады деп ойлаған еді. Алайда, олар тағдыр сынағын көтере білді. Төсек тартып та, мүгедек арбасында отырып та сурет өнерімен айналысты. Оларды қолдаған 4 қызы, 9 немересі, достары мен тапсырыс берушілері болды. Бұл тоқырау емес, қайта шығармашылықты оқшаулау, оған деген сүйіспеншілікті арттыру еді.

СНХ: МӘРЗИЯ МҰХАНБЕТЖАНОВА, СУРЕТШІ/// РУСС//// Біз бірге болғанымызға көп жыл болды. Бақыттымыз. Құдай жұптарды өзі қосады деп айтады ғой. Біз бір бірімізге көмек беріп, қолдаймыз. Жұбайым аяғынан тұрып, жүргенін қалаймын. Балаларым мен немерелерім бақытты, дені сау болса деймін.

 

РКС: Олардың  пәтері  шағын галерея сияқты. Қабырғадағы әр сурет пен барельефтің өз естелігі бар. Мәрзия апай жаңа техниканы меңгеруден жалықпайды. Сондықтан оның стилі де теңдессіз. Оған жеке студия ашып, танымал мейрамханалардың қабырғаларына өрнек салуға, тапсырыс алып, мүсін жасауға ұсыныс түсуде.  Көңілі қам қария олардың барлығын  кейінге қалдырады. Қазір көркем өнер шебері үшін тек денсаулық пен жан тыныштығы маңызды. Әрі  шығармашылығын туған үйінен жырақта  жалғастыруға  ол дайын емес.

 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...