ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ӨНДІРІС АЛЫБЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРУДА

15:30, 16 қазан 2020

ДК: Өндірісі өркен жайған Степногорск қаласындағы подшипник зауыты әлемдік масштабтағы іргелі кәсіпорын. Зауыттың өндірістік базасы мен өнім номенклатурасы артуда. Кәсіпорында машина құрастыру, теміржол, индустрия салаларында қолданылатын 300-ге тарта подшипник түрі өндіріледі.

РКС: Степногорск подшипник зауыты Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында теңдесі жоқ алып кәсіпорын. Мұнда 2250 адам еңбек етеді. Өнімнің 90 пайызы Ресейге жөнелтіледі,  Қазақстан, Өзбекстан мен Украина нарығы да степногорскілік бөлшектерді қолдануда.  Кәсіпорын жұмысшының жағдайын жасауға көңіл бөлген. Ағымдағы жыл басында жалақы 23 процентке өсіп, орташа айлық 185 мың теңгені құраған.

СНХ: АНАТОЛИЙ ТОМИЛОВ, «ЕПК «СТЕПНОГОРСК» ПОДШИПНИК ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ///аударма/// Қазіргі қалыптасқан қиын жағдайда зауыттың басты мақсаты еңбек ұжымын сақтап қалу. Бұл біздің қолымыздан келді. Екінші мақсатымыз келесі жылы жөндеу бөлімінің өз жұмысын тоқтатуына орай өнім өндіру көлемін арттыру. Бізде 3 бағыт бойынша подшипнтиктің 272 түрі шығарылады. Олар теміржол, индустрия салаларында қолданылады. Бұл барлық подшипник түрлерін қамтиды.

РКС: Зауыт айына 180 мың дайын өнім өндіруді мақсат еткен. Алғашқы тоқсанның өзінде өнім көрсеткіші 160 мыңға жетіпті.  Бұл өндіріс алаңдарын заманауи технологиялармен жабдықтау арқылы мүмкін болмақ.

СНХ: АНАТОЛИЙ ТОМИЛОВ, «ЕПК «СТЕПНОГОРСК» ПОДШИПНИК ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ///аударма/// Қолда бар құрылғыларды алмастырудамыз. Әсіресе сандық-бағдарлау станоктарына басымдық беріп отырмыз. Зауытта мұндай 80-ге тарта құрылғы орнатылған. Темір қалыптары желісі бойынша да бірқатар жаңа құрылғылар алынды. Бұл электр энергиясын үнемдеп, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

РКС: Короновирус індетінің әлемдік экономикаға кері әсері өндіріс алыбын да айналып өтпеді. Қазір зауыт айына 115-117 мың шамасында подшипник өндіреді. Кәсіпорын айына 74 мың өнім көрсеткіші жағдайында да пайда табады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 2 миллион подшипник шығаруға қауқарлы. 

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ. АБАЙ ТӨЛЕГЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...