ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

19:11, 20 қараша 2020

ДК: Ақмола өңірі негізінен аграрлы аймақ ретінде республикаға танымал. Одан бөлек  түсті металлургия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы сияқты бағыттарды дамытудың зор әлеуеті бар индустриалды-аграрлық облысқа айналды. 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 336 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге артқан. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Ербол Оспанов өңірдің индустриалды секторын дамытудың барысына арналған брифингте мәлімдеді. 

РКС: Қазақстанның тау-кен-металлургия кешенінде әр 4-ші келі алтын Ақмола облысында өндіріледі. Машина құрастыру, құрылыс индустриясында және тамақ өнеркәсібінде де біздің өңір көш бастап тұр. Өнеркәсіп пен қайта өңдеу секторындағы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі үш есеге ұлғайды. Инвестиция көлемінің өсіміне өнеркәсіп саласындағы жобаларды жүзеге асыру ықпал етіп отыр. Соңғы он жылда 457 миллиард теңгенің 220 индустриалды жобасы жүзеге асырылған. Соның 90-ға жуығы индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асты. Нәтижесінде 12 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл өңірде барлық сала бойынша 182 миллиард теңгеге жуық 120 жобаны іске қосу жоспарланған. Осы жобаларды уақытылы жүзеге асыру негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемін 2024 жылға қарай 2,9 трлн. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///По итогам 2020 года объем...Жыл соңына дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемі алғаш рет шамамен 1 трлн. теңгеге жетеді  деген болжам бар.10 айдың қорытындысына сәйкес республика бойынша өнеркәсіп  өндірісі жөнінен 2-ші орында екенімізді атап өткім келеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі де еліміз бойынша республикалық орташа деңгейден екі есе жоғары.

РКС: Облыста 50-ден астам экспорттаушы компания жұмыс істейді. Өңір үшін шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту маңызды. Әлемнің 26 еліне Ақмола облысы өз өнімдерін экспорттайды. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь Республикасы сияқты алпауыт мемлекеттер бар. Айта кетейік, өңірде импорт алмастыруды дамытуға қатысты  35 жоба құрылған.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУӘҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар