ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

15:10, 14 наурыз 2019

РКС:  Кенжебай Мұқышев қолына домбыра алып ән шырқап жүргеніне жарты ғасырдай уақыт болған. Жастайынан жырға құмар, әнге ғашық жүрегі өнер жолынан адастырмай, ән мен Кенжебай Мұқышевтың өмірін егіз ұғымдай етіп қойған. Қазақстан Республикасы   Мәдениет саласының үздiгi Кенжебай Мұқышевтың отбасында барлығы өнерлі.  Әулеттің үлкен қызы Ажар Қазақ Ұлттық өнер университетінде эстрадалық  вокал бойынша білім алып шыққан, ал ұлы Ақжігіт аталмыш өнер ордасының студенті.

СНХ: КЕНЖЕБАЙ МҰҚЫШЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДIГI // Бұл кештің отбасылар үшін тәрбиелі маңызы зор.Сол отбасыларға үлгі көрсету ретінде бұл кешті қолға алдық.  Бұл кеште арқаның арыстары Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырайдың әндері шырқалып, тарихтары айтылатын болады.

РКС: «Өнерлі отбасы»  шығармашылық кешінің тізгінін қолға алған  Ақан серінің 25 әнін зерттеген, осы салада қыруар еңбек етіп жүрген Ғалым Мұсатай әрбір шырқалған әннің шығу тарихынан мәлімет айтып отырды. Кенжебай Мұқышев бұл кешті ұйымдастырудағы негізгі мақсат өнерге қадам басқан ұлыма үлкендерден бата алу,-дейді. Шығармашылық кешке келген ел еркесі, Арқа ән мектебінде өзіндік қолтаңбасы бар, жақында ғана 80 жылдық мерейтойын атап өткен Иран сал Тасқара әншінің ұлы Ақжігітке бата беріп, қадамына сәттілік тіледі.   

СНХ: ИРАН ТАСҚАРА, ӘНШІ-САЗГЕР //// Кенжебай Мұқышев сал-серілердің ізін жалғап жүрген өнерлі інілерімнің бірі, әрі шәкіртім. Ақан, Біржанмен қатар менің әндерімді де айтады.Біздің өңірден осындай өнерлі отбасылар шығу заңдылық, алдағы жолдарына сәттілік тілеймін.

РКС:  Дәстүрлі әннің ажарын келтіріп, мерейін асырып жүрген айтулы  әнші Кенжебай Мұқышев дәстүрлі әннің өміршең болуына өзіндік үлесін қосып келеді, тәрбиелеп жүрген шәкірттеріне арқа әндерінің қыр-сырын үйретіп жүр. Дәстүрлі ән дәріптелген кешке келген көрермен осындай отбасының көпке үлгі екендігін айтып, өнерлеріне сый көрсетті.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...