ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ 4 МИЛЛИОН ГЕКТАР АЛҚАПТАН АСТЫҚ ЖИНАЙДЫ

18:00, 16 тамыз 2019

ДК: Биылғы жылы Ақмола облысының диқандары  4 миллион 8 мың гектар алқаптың астығын жинайтын болады. Агротехникалық шараларды барынша тиімді пайдаланған жер қожалары жыл он екі ай бойы маңдай тер төккен еңбектерінің жемісін көруден үмітті. Солардың бірі - Қорғалжын ауданындағы «Агрофирма жер-888» серіктестігі.  

РКС: Ел Тәуелсіздігінің елең алаңында Қарашалғын ауылдық округінің аумағынан жер алып, егін себумен айналысқан маман агроном Абай Медеубаевтың алғашқы кезде абдырап қалғаны да жасырын емес. Екі-үш ескі комбаин, әр жерде шашылып жатқан себу агрегаттары жарытып жұмыс істеуге жарамсыз еді. Алайда болашаққа нық сеніммен қараған, жалындаған  жас жігіт сол  қиыншылықтарды жеңе білді.

СНХ: АБАЙ МЕДЕУБАЕВ,  «АГРОФИРМА ЖЕР-888» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Осыдан 20 жыл көрген қиыншылық артта қалды. Мемлекет жермен жұмыс істейтін адамдарға барлық жақсылықты жасады. Жаңа техника, қажетті минералды тыңайтқыштар сатып алуға субсидия беріп жатыр. Осы мүмкіндікті бізде тиімді пайдаланып жүрміз. 

РКС: Шетелдік жаңа техникалар, себу жинап алу агрегаттары дала қосында қаз қатар сап түзеп тұр. Оларды жерді баптай білетін жастар меңгерген. Серіктестік бұрынғыдай емес, жиналған астықты өздері сұрыптап, кептіріп, сақтай алады. Жаңадан салынып жатқан мына қоймаға 5 мың тоннаға жуық астық сияды, - дейді серіктестік жетекшісі Абай Медеубаев.

СНХ: АБАЙ МЕДЕУБАЕВ,  «АГРОФИРМА ЖЕР-888» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Біз биыл 10 мың гектардан астам алқапқа бидай септік. Аздап арпа, сұлы да ектік. Агротехнкалық шараларды тиімді пайдаландық. Алайда шілде айында ең қажетті жауын болмай қалды. Десе де 11 центнерден өнім аламыщ деп отырмыз.  

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРЕК ҚҰЛАТАЙ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...