ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 104 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

18:51, 16 қазан 2020

ДИКТОР: Облыс бойынша жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үй аумағында 104 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі мен пештерді пайдалану ережелерін сақтамағаннан орын алған. Құтқарушылар үйлерді аралау барысында 16 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Негізгі себеп - жылу жүйесінің талапқа сай болмауы.  

РКС: Жылу беру маусымы өңірде 1 қазанда басталған болатын. Екі аптаның ішінде облыс аумағында 104 өрт оқиғасы орын алған. Негізгі себеп – өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ //русс.//Бүгінгі күні Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен және түрлі ұйым өкілдерімен бірлесіп, 102 мың 807 жекеменшік үйді аралап шықты. Тексерілген үйлерде 16 мың 500-ге жуық өрт қауіпсіздігі сақталмаған құқық бұзушылық деректері  анықталды./

РКС: Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында облыс бойынша 763 жеке меншік үйге улы газ датчиктері орнатылып, алдағы уақытта тағы 770 қондырғы қою жоспарда бар.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ //русс.//Жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беруде. Мәселен, Степногорск қаласында орнатылған 20 улы газ датчиктерінің бірі дыбыс беріп, үй иелері уақытылы оқыс оқиғаның алдын алды. Үйде 5 адам болған. Мұндай қондырғылардың көмегі бар әрине. / 

РКС: Қазірдің өзінде ақмолалық құтқарушылар қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Облыстың әрбір өңірінде денсаулық сақтау нысандарында халыққа уақытылы медициналық көмек көрсетуге дайындығы пысықталуда. Қазан айының үшінші онкүндігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді деп жоспарланған.

ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, АЗАМАТ БЕКМАГАНБЕТОВ, КОКШЕ АКПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...