ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 247 КАТАЛОГ ПАРАҒЫ ТІРКЕЛГЕН

20:26, 13 қыркүйек 2017

Ағымдағы жылдың 8 айында жүргізілген тексеріс барысында мемлекеттік инспекторлар тарапынан облыс бойынша пайдалануға жарамсыз 154 өлшеу құралы анықталған. Айта кету керек, 1-қыркүйекке дейін техникалық реттеу және метрология департаментінің қызметкерлері метрологиялық ережелердің сақталуы, өлшеу құралдарының жарамдылығын бақылау мақсатында 22 тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесінде негізінен денсаулық сақтау саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.  

Өнімді каталогтау мәселесіне келетін болсақ,  Қазақстан бойынша каталог парақтары тегін тіркеледі. Өнім өндірушілер каталог парағына қазақ және орыс тілдерінде өндірілетін өнім туралы толық ақпаратты жазып, өкілетті органға жібереді. Ол 10 күннің ішінде тіркеуден өтеді. Аталмыш каталог 7 бөлімнен тұрады. Оларға энергетикалық,  машина жасау, азық-түлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, химиялық және металлургиялық өнеркәсіптер жатады.  Бүгінгі күнге дейін облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінде 247 каталог парағы, 30-ға жуық өнім өндірушілері тіркелген.   

Әйгерім Бекмағамбетова 

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...