ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 46 МЫҢ САЛЫҚ БОРЫШКЕРІ БАР

16:58, 14 қыркүйек 2017

Еліміздің Конституциясына сәйкес, әрбір азамат заңмен белгіленген салық пен басқа да міндетті өтемдерді төлеуі керек. Десе де, бұл норманы біле тұра, оны белден басатындардың қатары аз емес. Қазіргі күні облыс аумағында салық төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің саны 36 мыңнан асып отыр. Мамандар бұл көрсеткіштің жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда, 10 мыңға дейін азайғаны, - дейді. Негізінен корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік және жергілікті салықтар, яғни көлік, жеке мүлік пен жер салықтарын төлеуден қашатындар жиі кездеседі. 

Салық төлемей жүргендерге жаза қатаң. Десе де, бұл өңірде салық түсімдері мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Ағымдағы жылдың қаңтар және тамыз айларында мемлекеттік бюджетке түскен салық төлемдері 79 млрд. 399 млн. теңгені құраған. Бұл республикалық бюджеттің 111,7 пайызға, ал жергілікті қазынаның 104,9 пайызға орындалғанын көрсетеді.  

Заңнамаға сәйкес, бюджетке түсетін міндетті төлемдер – салықтың 13 түрінен, мемлекеттік баж салығы мен басқа да өтемақылардан тұрады. Қазір Ақмола облысында салық төлеуге тиісті 13 мыңнан астам заңды тұлға және 83 мыңдай жеке тұлға бар. Олардың 46 мыңға жуығы жеке кәсіпкерлер.

Нұргүл Нұрбайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК. ЖӘДІГЕРЛЕР ЖАҢҒЫРЫҒЫ
18:20, 21 қараша 2017
ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК. ЖӘДІГЕРЛЕР ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҒАСЫРДЫҢ ҮЗДІК ЗИЯТКЕР ИМАМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ
19:34, 20 қараша 2017
ҒАСЫРДЫҢ ҮЗДІК ЗИЯТКЕР ИМАМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ
Толығырақ...